Абайдың асқақ тұлғасын аласартып жібергеніміз қалай?

Абайдың асқақ тұлғасын аласартып жібергеніміз қалай?

Соңғы кездері ел арасында «Қарағанды ескерткіштер қаласына айналып барады» деген сөз таралып-ақ тұр. Жақсы мағынасында сүйініштен туған лебіз бұл. Сенбесеңіз кеншілер шаһарына келіңіз! Жезқазған қаласы бағытынан кіреберіс күре жол бойында Қасым ақын ескерткіші қарсы алады, қала әкімдігінің қарсысында Бұқар жырау бабамыз, «Шалқыма» концерт залы жанында Абай ескерткіші, облыс әкімдігінің қарсысында Қаздауысты Қазыбек бидің мүсіні асқақтап тұр. Жақында теміржол вокзалы алаңында Қаныш Сәтбаевтың мүсіні қойылмақшы.
Сүйінбей көріңіз! Ел тарихына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғаларымызды ұлықтау осындай-ақ болса керек. Облыс орталығында қолға алын­ған істер Қарағандыға қанаттас шағын ша­һар­ларда да заңды жалғасын табуы керек-ақ еді. Өкінішке қарай, олай болмай тұрған жайы бар. Әлбетте, қазақ атырабындағы ірі қалалардың бірін­дегі үлкен шаруаларды шағын кенттерден күту сорақылық болары анық. Десек те, өзге өңір­лер мен қалалардың тұрғындары тамсанып отыр­ған жайттар, Қарағанды маңындағы мекендерде еленбей қалмай ма деген алаң бар. Мәселен, биылғы жазда құрылғанына 50 жыл толған Абай қаласындағы жағдаяттарды мысалға алып көрелік. Біз Абай қаласындағы Абай ескерт­кішінің төңірегінде өрбіген даулы әңгіме туралы бұдан бұрын да жазған болатынбыз. Енді ретімен тараталық.
Осы жылғы жаз ортасында Абай атын алған шағын шаһардың орталық көшелерінің бірінде орналасқан ақын ескерткіші алынып тасталды. Алыну себебі: ақын ескерткіші көлік көп жүретін, күн райы бұзылған күндері лай-батпақ астында қалатын ыңғайсыз орында орналасқан екен. Бұл орынға жергілікті әкімдіктің ұйғарымымен үш ақ боз аттың мүсіні қойылды. Ал Абай атамыз қаладағы қазақ мектебінің ауласында бір айдай жамбастап жатты. Қош делік, кейін ескерткіш те сол мектеп ауласында тұғырына қондырылып, өз орнын тапсын. Қала мерейтойы қарсаңында Абайда тағы бір ескерткіш ашылды. Ол да – данышпан Абай Құнанбайұлының ескерткіші. Қала әкімдігі ғимаратының қарсысында, үлкен алаңға орналастырылды. Бір қызығы, ескі ескерткіші алынып тасталғанда, жол бойында тұрғандықтан, тазалық мәселесі сын көтермейді деген сылтау айтылған еді ғой. Ал жаңа ескерткіштің де тұрған жері тура жол жиегі. Үлкенді-кішілі көлік атаулы батпақ шашып, лай шашыратып, өтіп жатқан жол жиегі. Тағы да еріксіз ойға үш ақ боз орналасқан алаңның жайы оралады. Әу баста ақын ескерткіші тұрған кезінде лайықсыз саналған орын қазір ерекше абат­тан­ды­рыл­ған жайы бар.
Үш аттың алаңы да едәуір кеңейтілген, көлік жолы қысқартылған. «Осынау ша­руа­лар ақын ескерткіші тұрғанда неге жа­сал­ма­ды?» Әлде, аттың қадірі атайы ақыннан артық па?» деген сауалдар еріксіз ойға ора­ла­ды. Бұл аздай, ақынның жаңа қойыл­ған ескерткішінің орындалу мәнері де да­ныш­пан Абай атына лайық емес екенін қа­русыз көзбен-ақ аңғаруға болады. Бә­ке­не бойлы, жарғақ киген аяғы денесінен ірі көрінетін тас мүсін Абайдан гөрі аулақта қой баққан шопанға келетіндей. Әлем та­ны­ған Абайды сіз танымай қалуыңыз мүм­кін. Сырттан кел­ген әлдекімдер «мақтап жүр­ген Абай­ла­рыңыз осы ма?» деуі де мүмкін. Оның сыртында ақынның «Адам­зат­тың бәрін сүй бауы­рым деп» деген қанатты жолдарының қаріптері қирап, түсіп қалыпты. Сірә, жер­гі­лікті әкімдік тара­пы­нан осынау ескерткішке жа­нашырлық жоқ тәрізді. Әйтпесе был­тыр­дан бері Абай аудандық «Абай – ақиқат» газе­тінің мем­лекеттік тілде жазыл­ған әр әрпін санап, қазақша мәтіні мен мате­риал­да­рының қысқаруына «демеу жасап отыр­ған» аудан әкімі Е.Нашаров мырза қайда қарап отыр?! Абай атын алған қала мен аудан басшылары Абайды асқақ­тат­па­са, сыйламаса, басқа тұрғындарынан не дә­метеміз?! Абайды қорлау қашан тыйылар екен?
Ақан ТЕЛІБАЙҰЛЫ, мәдениет қыз­мет­ке­рі:
– Ақын атамыздың ескерткішінің бұрынғы орналасқан жерінің алаңы тар деп айтылған уәжді ел біледі. Ал сол орынға үш ақ боз ат орналастырылған бетте әлгі алаң кеңейтіліп, көлік қоз­ға­лысының жолы да реттелді. Бұрын неге істелмеді? Ал ақынның жаңа ескерткіші қойылған жердің алаңы өте тар. Тура жол жиегінде. Бұл Абайды анық қорлау тәрізді боп елестейді маған. Жергілікті биліктің не ойы бары бізге беймәлім...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста