500-ге тарта ақмолалық би марафонына қатысты
Халықаралық би күніне орай Ақмола облысының барлық білім беру ұйымдарында «Би олимпі» атты би марафоны өтті, деп хабарлайды BNews.kz
Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын насихаттау, қосымша хореографиялық тәжірибе жинақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, қалың көпшіліктің назарын жастар шығармашылығына арнау, дәстүрлі уақыт өткізуге балама ұсыну мақсатында Ақмола облысында «Би олимпі» Dance-марафоны өтті.
Аршалылық Балалар шығармашылығы орталығының мәліметтерінше, Халықаралық би күніне мұнда флешмоб ұйымдастырылып, оған 66 жасөспірім қатысқан. Красный яр ауылындағы Балалар шығармашылығы орталығында да 79 жастың қатысуымен жалпыға бірдей би флешмобы өткен. Жақсы ауданының мектептердің бірінің алаңында «Балаларға қуаныш сыйлы» деген тақырыпта би марафоны өткізіліп, онда балалар күннің бенесін сомдап, көпшілікке шарлар мен тәтті тағамдар таратқан. Ал Шортанды ауданында облыстық би марафонының аясында «Би олимпі» атты би фестивалі өтіп, оған 18 білім беру мекемесінен 200-ден астам адам қатысқан. Онда түрлі би жанрлары бойынша 20 би көрінісі көрсетілді.
Бүкіләлемдік би күні мерекесіне орай «Би олимпі» би марафонына Ақмола облысынан 500-ге тарта азамат қатысты, деп ақпарат таратты облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Марафон облыстық балаларға арналған хореографиялық ұжыимдарының белсенділігін арттыруға, ерекше дарынды, талантты жастарды анықтауға ықпал етіп, облыстың хореографиялық ұжымдарының жетекшілеріне тәжірибе алмасуға септігін тиігізді. Марафонның ең үздік бишілері беленділіктері үшін арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.
BNews.kz.