5 өңірде ескерту жарияланды
Ертең еліміздің 5 өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
20 қазанда Батыс Қазақстан облысының батысында тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
20 қазанда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде арты шаңды дауылға айналуы мүмкін.
20 қазанда Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ертең Ақтау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
20 қазанда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетеді.
20 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
aikyn.kz