30 әйелдің портреті Астана көшелеріне ілінді

30 әйелдің портреті Астана көшелеріне ілінді

30 арудың суреті Астананың сәнін келтіретін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Әйелдердің халықаралық күні қарсаңында Астана әкімдігі Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығымен бірлесе отырып, "Астана созидательная - жасампаз Астана" жобасын іске асырады. Жобаның мақсаты - астаналық әйелдердің ролін атап өту, Астананың дамуындағы олардың еңбектерін атап өту. 30 арудың суреті - соғысқа қатысқандар, көпбалалы аналар және жұмысшы мамандықтарындағы әйелдердің портреті Астана қаласының билбордтарына ілінді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Мәселен, қала көшелерін соғыс ардагері Зоя Павловна Лащенованың, көпбалалы ана Әсем Мамаеваның, аспаз Светлана Оленбургердің, краншы Динара Қуандықованың, абаттандырушы Ольга Тайгунованың, автобус жүргізушісі Людмила Михеенкованың, жол полициясы қызметкері Индира Нұрсағатованың және тағы басқа іскер әйелдердің суреттері әрлей түсті.

"Фотоаппарат объективінің призмасынан өткен жобада елорда тұрғындары Астананың игілігі үшін еңбек етіп жатқан түрлі мамандық иелерінің күнделікті өмірінің сәттерін көре алады", - делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, жоба аясында 7 наурызда "Қазақстан" орталық концерт залында осы аттас фотокөрме өтеді. "Көрменің кейіпкерлері - өмір үлгісімен шабыт беретін сүйікті аналар, қыздар, әйелдер. Олардың суреттері Астана тұрғындарына арналған мерекелік ашықхаттарда да болады", - деді әкімдік өкілдері.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста