15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Тек қана батыс аймаққа Қара теңіз ауданынан келетін циклон ықпал етеді. Сондықтан батыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады.
Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейіп, жаяу бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыс пен батыста көктайғақ сақталады.
Жамбыл, Түркістан облыстарында тұман түседі, жел күшейеді. Күндіз жел екпіні &ndash 23-28 м/с.
Түркістан облысында жаяу бұрқасын соғады.
Атырау, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күші күндіз 23 м/с жетеді. Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы 25 м/с болады.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облысында тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Қостанай облысында боран соғады.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз Жаланашкөл ауданында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.