12 жасар қари тарауих намазын өткізіп жүр

Қарағандыда 12 жасар қари жамағатқа имам болып, тарауих намазын өткізіп жүр. Бұл туралы Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайтынан хабарланды.


«Қарағанды облыстық орталық меші­тінде Рамазан айы басталғалы бері Құран­ды әуелетіп орындайтын, жас баланың дауысын естиміз. Үлкен аға-апаларымыз­дың, жамағаттың өтінішін жерге қалдыр­май, Әбду Мәлік күнде Құран хатым қылады. Жас қари бәрін ұйытып Құран оқыған кезде, махаббат пен рақымдылықта қалқып, Рамазан айының хош самалында сырт көзге қиын, бірақ көңілге қонымды мезеттерді бастан өткеріп жатқаны сөзсіз. Бұрындары басқа елдерде ең жас қари деп, балаларды көрсетіп жатқанда таңға­латын едік. Міне, біздің арқа елінде де, ең жас қари маңдайымызға туа бітіпті. Бұл келешек ұрпағымыздың кемел боларының дәлелі шығар» деп жазады «muslim.kz» сайты.
Әбду Мәлік арабша оқуды жеті жасы­нан бастаған көрінеді. Ол Құранды соңғы үш жылда жаттап алған. Құран оқып оты­рып, кез келген жерінен әрі қарай жал­ғас­тыр десең, ұшқан құстың жылдамдығындай тез іліп әкете қояды.
«Егер суға толы ыдыс болса, бірақ қамыр илейтін ұн болмаса, дастарқанда ешқашан нан болмайды. Иман – су, ал игі іс ұн тәрізді. Әрқайсысы екіншісі болма­са, адамды жұмаққа жетелемейді. Егер дүние мен ақыретке терең сенсек, бірақ осы сенім негізінде игі іс істемесек, не пай­да? Керісінше, егер иманымыз болмаса да, жақсылық жасасақ, үзілген өсімдік сабағы егілген жерге ұқсаймыз. Ерте ме, кеш пе, сол көк сабақтар құрғап, солып қалады. Игі амалсыз иман, имансыз игі іс жемісті болмайды. Алла тағала астында арықтар ағып жатқан жұмақ бақтарын, осы екеуді, яғни иман мен игі істі бірге ұстаған адамдарға нәсіп етеді деп қуантады. Әбду Мәліктің істері, үлкенге де кішіге де өнеге болғай», – деп жазады «muslim.kz» сайты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста