11 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Күндіз батыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде басытан, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбеде көктайғақ болады. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

 

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, орталығында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

 

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.  Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда да тұман болады деп болжанады.

 

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп болжанады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

 

Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

 

Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

 

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда күндіз оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар),көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады.  Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

 

Павлодар облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды. Павлодарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі.

 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста