Құрманжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ: Құмар едік қасқырларға ұлыған, кең даланы кезіп бірге кетсек деп...

АНАМА
Қарапайым асыл жан сен едің ғой,
Анашым қара тайың мен едім ғой.
Бір тұтам болғаныңмен от басында
Сен шіркін әйел емес ер едіңғой.

Әкеміз қатал жан ғой ердің ері,
Білем...
Білем тірлікте көрдің нені.
Өсірдің он саусақтай он баланы
Мақтауы ағат емес елдің сені.

Басқадан бағы басым қарағым деп,
Кенжем деушең жаныңа балағың кеп.
Уәде бергем опасыз ұл болмаймын
Өзіңді өмір бойы бағамын деп.

Мен жүрмін сені емес өлең бағып,
Сол сөзіме тұтанып кетем жанып.
Қайран әкем тентек ұлға тарқамаған
Ашуын жатыр ма екен сенен алып.

Айылы жетпеседе сенен көріп,
Айыбын алушеді сенен келіп.
Сол әкем бізденгөрі көп еркелеп
Жіберді-ау әжіміңді тереңдетіп.

Тағдырдың ізі қалған реңіңде
Бозіңген мұң мазалап жүдедіңбе?
Бір уыс шүйке кемпір дегенмен ел
Бір ұлы таусың менің жүрегімде.

Шалғайда қаладағы күнім құрсын
Шаттанам шимай шатпақ жырым үшін.
Қасыңда қолтығыңнан сүйей алмай
Алдаған құры сөзбен түрім құрсын.

Жүрсең ғой қызығыма қанбай күнде
Өмірді түсінбедім қандай мүлде.
Балажүрек таязғой жүре берер
Ана жүрек жүр екен қандай күйде.

Түсімде түнде көріп шарық ұрамын
Ақ сүтіңе шашалып алқынамын.
Оянғасын он бала он саусақтың
Басбармағы болуға талпынамын.

Қасыңнан бес мезгілде табылғым кеп,
Сағыныштан түндерде аһ ұрдым көп.
Бұл жақты кәрі жездем жиы айтады
Шешеңнің күрең шайын сағындым деп.

Бергенім жоқ, анашым алдғаным көп,
Оң көзі болсын саған алланың тек.
Мінезімде әкемнің ашуы бар
Жүрегім саған тартса арманым жоқ.

19 наурыз 2009ж
***
ӘКЕМЕ
Қаракер де Бөрідей желе-тұғын
Дауыл ең ғой күркіреп келе-тұғын
Шешем байқұс шыр-пыр боп зыр жүгіріп
Сұратпай-ақ ас-суын бере-тұғын
Сол күні тентек ұлдың қылығынан
Бір сойқанның боларын сезе-тұғын...

Ойын қуып жерім көп бара-тұғын
Сен тапсырған тірлігім қала-тұғын
Тастан таспа тілердей қамшыңды алып
Аһырғаның аспанды жара-тұғын
Емендей боп изектеп Байқұс шешем
Жалбарынып мені ақтап ала-тұғын

Өмір қатал көтерме, көтер мейлің
Ертеңімнен қамымды жегендейін
Көзіңді атып қараушең қаһарлынып
«Шешең жоқта қайтесің?» дегендейін
Ойладым ба білмеймін бір сәтке де...
«Сендей болу қайда» деп сенен кейін!

Сенен көрдім жан әке еркек кейпін
Шешем саған жақсам деп елпектейтін
«Шаршадым» деген сөзді білмеуші еді
Қиындыққа өмірі селт етпейтін
Қой қораны айналып жылағанын
Сен түгілі мағанда көрсетпейтін....

Жаңғыратын санамда қатал үнің
«Ұнамайды» деуші едім маған мұның
Әке болдық, паналар «шешеміз» жоқ
Ақылсыз сол күніме қапалымын
Ерте сезген жансыңғой сірәда өзің
Дүр тағдырдың сенен де қаталдығын

Ата жолын кез болды «теңдік» үзген
Жүре алмады-ау ұлдарың сендік ізбен
Үндемей-ақ кетушең апта айлап
Ондай дәурен күтпегін енді бізден
Бір қонып келу үшін кісі үйіне
Рұқсатсыз шықпаймыз келініңізден

Қайран әкем қабақты түйдіңіз де!
Тектілікті соншама сүйдіңіз бе...
Таңданып сұраушы едім анашымнан
«-Бұл кісіге өзіңіз тидіңіз бе»?
Өзің барда үлгі едік көршілерге
үйден аулақ үретін итімізде

Сен басқан жер мен аспас бел екен ғой
Сендік мінез шынымен өр екен ғой
Он баланы өсірдің ойнақтатып
Заман емес пейілің кең екен ғой
Кеудеңдегі ғұмірдің хикіметін
Көре алмаған бұл көзім көр екен ғой

Байқап жүрім... емес бұл тың толғамым,
Болмысымның басына мұң қонғанын...
Бірақ әке ұрпағыңа айтам әлі-ақ
Өзіңдей атасының шын болғанын
Көзі барға көрсетіп кеттің әке
Қазақтың еркегінің кім болғанын!

07 тамыз 2012
***
СҰЛУДЫҢ ҰЙҚЫСЫ
Көрдім ғажап, көрдім ғажап тым қызық
Жас сұлуды беймезгіл бір сағыныш күйгізіп,
Бүлкілдеген жүрегі қос анарға түртініп,
Ұйыған бір мастықты кіл бойына жиғызып.
Басын сүйеп иығына келісті
Қалғып кетті кірпіктерін тигізіп.
Мақта бетті толған айдай түндегі.....
Адамға емес тек ауаға сүйгізіп,
Желп-желп етіп танауы құлын мүсін қалғыған
Кеудесіне бұл күздің сағынышын сиғызып,
Уыз қыздың денесі уылжиды ұмсынып,
Ұйқы жігіт барады құшағына кіргізіп.
Қара шашы жарасып қарлығаш ақ тамаққа
Сәл дірілмен еріні өртенеді мың қызып,
Ақ саусақтан қаламсап сусып түсіп барады,
Сусып түсіп барады жерге қиял туғызып.
Мас ұйқыда ақ сұлу, мас сезімде жас ақын,
Танауынан шыққан леп дүр дүниені күйгізіп...
Сұлу ұйықтап барады...

2007 қазан
***
КЕТКІМ КЕЛЕД...
Кеткім келед.........
Кеткім келед бұл маңнан,
Күндерімнің кірпігіне мұң қонған.
Күрсінеді шермен кеудем аһлап,
Қу жаным жүр құлқыныма құлданған.

Алау жылдар арман толы өттің көп,
Айта алмаймын шуағыңды төктің деп
Сәби жүрек пәк күндерім жылайды
Пенде деген бірдеңе боп кеттің деп.

Өкпелейді жек көреді налиды,
Ал сонысы жүрегімді қариды.
Кең дүниеден тұрақ таппай аһ ұрам...
Қандай Дәруіш жігерімді жаниды.

Тоңдым рас ызғары бар ыстықтан,
Өзендері өкси алмай қыстыққан.
Дым тамбайды шілдесіне жүректің
Жаным жалғыз жәй таппады бір мысқал.

Өмір сүрдім тірі болған үшін де,
Күрсігі көп кеуделердің ішінде.
Бйуақта көз жасымды сығымдап,
Өлім іздеп кетем ылғи түсімде.

Жүрегіме жетпейді әйтеу жылулық,
Бір сағыныш сорады ылғи шылым-ғып.
Түнгі аспаннан сырғанады бір жұлдыз...
Мұңлы аспанның көзіндегі сұлулық.
2009 қазан
***
ЖАСТЫҚ ЭЛЕГИЯСЫ
Сиғыза алмай кемтар күннің шеңбері,
Жүректерден қою-қою от білеп.
Он сегіздің оты өртеп кеудені,
Жатушы едік қара түнді тепкілеп.

Біздер үшін балқушы еді тас терлеп,
Көз салушек киіктерше заңғардан.
Арқарларша кетуші едік тауға өрлеп,
Ақ бөкен қыз күтетіндей аңғардан.

Бөктерлерде жатқан кезде гүл ашып,
Қызынушы ек тістегендей тісіне от.
Қызарып күн баратқанда қыр асып,
Ойнақтаушы ек қысырақтай кісінеп.

Ұйқыдығы хас сұлудай керіліп...
Ақ шоқыға ару бұлттар асылып.
Тұрушы едік еркектерше еліріп,
Тентек текес суларындай тасынып.

Жараушы едік батыр мінер бестідей,
Шөл айдаған құландарша құмдағы.
Тараушы едік жиылысып жігіттер,
Үркек бұлттар секілденіп қырдағы.

Күзгі аспандай жырға жүрек ұйыған,
Нөсер болып төгіп-төгіп өтсек деп.
Құмар едік қасқырларға ұлыған
Кең даланы кезіп бірге кетсек деп.

Қайран жастық!....
Қалып бара жатырсың....
Мың бір түндей санама сап сағыныш.
Жирма бестен өттім де мен аһ ұрдым
Қыз ғұмырдай өттің ау сен асығыс.
2008 қараша
***
КҮЗ ЖӘНЕ САҒЫНЫШ
Өкпелі жүрегі өлкенің
Сұп-суық мұң қарып кеудесін.
Күз құда алатапу қаряға орады
Сап-салқын сәлдесін.

Бұл күзге қапалы жапрақ
Екпеттеп жер құшып өксіген.
Мезгілдің кірпігі қалтырап,
Әлде бір үрейлі үн естіген.

Бейуақта түсінен шошынған,
Қарт-дала, түнерген күн өңі.
Ем іздеп кемсеңдеп ерке жел
Таулардың етегін түреді.

Күйігін жұта алмай дала тұр,
Бұйығып қабағы қыраулап.
Жер тарпып кісінейді асау жыр
Тұяғы жетердей тым аулақ.

Саусағын жасына малып ап,
Сағыныш не сурет сызбаған.
Ақ бұлттар алақан дөңдерді
Аймалайды анар ғып сыздаған.

Қаздардың қанаты сыбызғы
Сағыныш деген күй тартады.
Жаз деген сылқымды тырналар
Тыраулап ұзатып барады.

Аңсауды күтемін сенен де
Сағыныш сары қыз шырайлым.
Ақ бұлт боп көктемде келемде,
Бұршақ боп төсіңе құлаймын.
2007 қазан
***
ЖЫЛЫМЫҚ
Бұлттардың кірпігін талдырып,
Жасыңды төгесің үндемей.
Көктемнің күркірін сағынып,
Жеттіңбе тап-таза кірлемей.

Тазартам дейсің бе қаламды
Нәпсі боп шулаған қыңсылап.
Иманын оятам дейсің бе
Имамның жүрегін шымшылап.

Кім сені шақырды?
Жесірдің үйі ме?
Жетімнің күлкісі шығар ә......
Жоқ әлде иесіз иттердің үні ме?
Сұлудың даусы ма шомылған күнаға...

«Құдайы» көбейді даламның
Аспанды мұртымен тіреген.
Білемін сол үшін жыладың
Жоғыңды таба алмай іздеген.
2007 наурыз
***
КЕДЕЙ
Үміті беймезгіл ұйықтаған
Ашқарақ күндері есінеп,
Өксуден өзгені ұқпаған
Шаттығы тым ерте шетінеп.

Қазанға қарайды қаңсыған
Қақпағы жабулы мұздаған.
Көзіне қанды жас келеді
Өксігін жұта алмай сыздаған.

Науқасты әйелі күркілдеп,
Жөтелмен айтады арманын.
Періште кеудесі бүлкілдеп
Жас сәби сорады бармағын.

Шындықшыл тым ізгі болам деп
Тағдырдың кәріне жолыққан.
Жалғандық тұрғасоң мүсіркеп
Ақиқат таба алмай торыққан.

Айғайы шыға алмай аһылап
Кеудесін мұң қарып не түрлі.
Сіміред тым ашты шарапты
Сорлының көз жасы секілді.

Даладан ізгілік іздеген
Мезгілгдің көзімен әр жылы.
Адамнан қайырым көрмеген
Запыран жұтады тағдыры.
2007 қараша
***
КӨКТЕМ ІЗДЕП КЕТЕРМІН

Бұл көктемім тым өкпелі келердей,
Бұлттап жүрмін ақ жаңбыр мұң төгердей.
Айғыз-айғыз әжім салған жүзіне
Ал көңілім керуен кеткен кемердей.

Ақ жүзіңнен ай сығалап күн күліп
Қытықтайсың қиял силап қым-қуыт.
Сағымыңа алданамда аһ ұрам
Кірпігіме жетім тамшы іркіліп.

Бере алмаспын сені апама келін-ғып
Сұрай алмай ала таудан көрімдік.
Менде сені тым алыстан сүйемін
Көзімді ауыз кірпігімді ерін-ғып.

Мейлі! Мейлі!
Көтеремін мұң жүгін.
Сағынышқа күйдіргем күндерімнің кірпігін.
Асқындырып-асқындырып көктем іздеп кетермін,
Өзің кескен сезімімнің кірпігін!...
2007 наурыз
***
АЛҒАШҚЫ МАХАББАТҚА ХАТ
Онсегіздей өрт өршіген бөктерде,
Ұяңдықпен табысып ем ұятпен.
Жас жанымды жуып едім көктемде,
Сұлулықтан шашыраған шуақпен.

Жас жүрегім жас қардай құшағыңа құлаған
Сенің жылы деміңе есім кетіп ерем мен.
Анарыңды ап қашып тұрушы едің тамшыдан
Қара бүйі ұрланып жүретіндей денеңнен.

Аузыңда кет....
Көзің кел деп шақырып,
Ал жүрегің қос алмаңды тепкілеп.
Есің шығып тұрушы едің сағынып,
Құштарлығың ақ қылыш ақ тәніңді кескілеп.

Қан ұйытып түртініп, уыз ернің дірілдеп,
Көзің жұмық асылушы ең мойныма.
Сәлден кейін қорғанушы ең жалма жан
Жылан кіріп кететіндей қойныңа.

Жігітек жел ақ көйлек боп құшақтап
Жылаушы еді етегіңде жалынып.
Такаппарлау сұлулығың «жарымын» деп ақынның
Толқып бара жатушы ең ай нұрына малынып...

Қызығы аз енді өмірде қалудың
Тентек жүрек болдық-ау біз масқара
Сенде дәрмен айласы жоқ арудың
Кеудесіне тас байлап барады әне басқаға.

Жыла жүрек сен жылайтын күн бүгін,
Құдайға да қабыл болмай құлдығың.
Сұм жалғанның тұңғыш көріп сұмдығын,
Ақ арманың түсі болды түлкінің.

Басылмайды енді менің өксігім
Жүрек қаным көз жасым боп тамып тұр.
Ақ отауым емес менің алдымда
Ақ махаббат көмілетін табыт тұр.
2007 ж. 17 қараша
***
КЕШ... ҮНСІЗДІК...
Қиянат қылмадым дегенмен ешкімге
Қабағы салбырап батты әне, кеш мүлде
Көзіне жас толған ақша бұлт көшеді төбемнен
Ғұмырдай байланған бес күнге!

Күн батты...
Үнсіздік...
Мезгілден кеттім-ау қажып тым...
Хаттармен тілдесед барлығы «халықтың»!
Ауыздар ішу мен жеу үшін ашылар...
Сөздердің сүйегі ішінде қалғандай табыттың..

Кеш кірді...
кеудесі күрсінді даланың...
Қала ма? Қалаға келмейді қарағым!
Қой баққан қиқар шал қай тауда жүр екен?
Іздедім тапппадым, көр болғыр жанарым!
Міне.... Тартты сол қабағым....

Қостағы сол шалдың әңгіме... әзілі... Күлкісі
«Халық» боп тұрушы ед... алдымда бір кісі...
Іздеп бір барғанда жарылып қалушы ед
Шұрқырап жеткендей жоғалған жылқысы
Қайда? Қайда екен сол кісі!..

Кеш кірді – үнсіздік...
Өлара, көктем - қыс арасы
Әнеки... ақ мамық қар еріп барады қарашы!..
Бұл өңір бәрінде жерітіп боп еді, биыл да
Жыл құсы келмейді-ау шамасы...
Бұл кеш пен үнсіздік – өлімнің анасы...
2015 ж 10 акпан

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста