Әйгерім ТҰРЛЫҚОЖА: Мен өзіңнің бұйырмас бақытыңмын, Сен өзгенің өртенген жалынысың...

Әйгерім ТҰРЛЫҚОЖА: Мен өзіңнің бұйырмас бақытыңмын, Сен өзгенің өртенген жалынысың...

Сенделген ой санамды қамшылады,
Білем, тағы керексіз жаншылады.
Сен қайтесің, мұң сүйген мына мені,
Бұйырмаған өзгенің тамшы бағы?

Үгілді ме құм болып төзімдерің?
Жабырқатып кетті ме сезімдерің?
Неге келдің? Әлде сен, Қарғам, айтшы,
Адасатын бұралаң кезім бе едің?

Үркек үміт артты екен неге сенім?
Бақытты да, бақсыз да емес едім.
Толқындатқан сезімді мен қайтейін?
Жағалаусыз тағдырдың кемесі едің.

Мұңға ғашық әр атқан таңым үшін,
Өкпе арқалап кетті ме сағынышың?
Мен өзіңнің бұйырмас бақытыңмын,
Сен өзгенің өртенген жалынысың.


***

Сіз менің көздеріме көрініңіз,
Демеңіз, жүзі салқын, көңілі мұз.
Жылытып тоңған жанға от үрлеңіз,
Содан соң, жақұт болып төгіліңіз.

Пана болсын жүрекке жүрегіңіз,
Ұштасып бірге өрілсін тілегіміз.
Мен жүрер гүлзар бақты баптап бағып,
Тоғысар жолымызға гүл егіңіз.

Үмітіме үкі боп жалғаныңыз,
Бізді күтсін аяулы арманымыз.
Сенгенім де, сенерім сіз деп біліп,
Сәулесіне сүйгізсін таңдарымыз.

Сағыныңыз сіз мені, сағыныңыз,
Көрінбесем, іздеңіз, сабылыңыз.
Есіміңіз жадымда жазылғандай,
Мәңгі менің жанымнан табылыңыз.


АҚ ҚАҒАЗ
Өз арымның алдында жүз ақталып,
Қара түннің торына тұзақталып,
Өңім қашып отырмын өлең жазып -
Ақ қағаздың бетіне сызат салып...

Ниеті аппақ еді ғой ақ қанаттың,
Ақ дидарын тырнады ақ парақтың.
Ақ жүрегін былғадым сия төгіп,
Бәрін - бәрін ақтарып ақпараттың.

Мендегі ойым ақыры тына алмады.
Тар бөлмеде тағдыры тұмандалды.
Ақ қағаздың арына дақ түсіріп,
Қолымда күнәм қалды...
Күнәм қалды...


***
Арманның ақ таңын атқызып,
Күн кеше алар ма Түн - Айсыз?
Сағыныш алқасын таққызып,
Сіз маған ерекше ұнайсыз...

Ұнайсыз, білмеймін неліктен?
Санама себепсіз қондыңыз.
Сезім бе бұл әлде, желіккен?
Әйтеуір, күз көңіл, тоңды қыз.

Тоңды қыз, тағдыры белгісіз,
Жанарын салқындық билеген.
Алдамшы бақ деуге сенгісіз,
Жүрегі дәл бұлай сүймеген.


***
Шабыт іздеп кетсем бе Өскеменге?
Сәлем салып қайтар ем, өскен елге.
Ақ найманның арқалы асуында,
Өлең оқып берсем бе төс пен белге?

Кетсем бе екен жер шарлап айдалаға?
Дүр өзен боп тасынсам сай - далада.
Айналдырған тірліктің шеңберіндей,
Айналайын мен барып қай қалада?

Қайтсем екен бойдағы алып күшті?
Түндерімді телмірген жарық құшты.
Арманыма ілесіп таң алдында,
Кетем деп ем, жұлдызым талып түсті.

Қолын созып көкжиек атырабы,
Бір сапарға жүр-жүрлеп шақырады.
Ақ үмітін үзгендей қоштасты кеп,
Күз билеткен ағаштың жапырағы.

Сен не дейсің, Алатау, кетейін бе?
Саған айтар сырым көп көкейімде.
Шығысымның шыңына шығып алып,
Сағыныш боп мәңгілік өтейін бе?


***
Бір сәтке билік жолын көктен сұрап,
Сен қайта оралдың ба көктем шырақ?
Ақпанның мұз көңілін жібітті ме,
Күлімдеп күн арайы төккен шуақ?

Қабағын бағып-қағып күз өткенде,
Үмітін қайта айналып, жүз еккенде.
Дәуірі қалыс қалған тәрізденіп,
Уақытын көктем келіп түзеткен бе?

Әйтеуір, сездіргендей бір екпінін,
Жылылық күтті білем, тілеп күнін.
Мезгілсіз келгенінен жасқанамын,
Тоңдырып алсам қайтем жүрек гүлін?

Солдырып алсам қайтем нәзіктігін?
Құдай-ау, күдігіме жазықты кім?
Бұл сенің көктемің - деп маңдайыма,
Жазмышым кетсе деймін жазып бүгін.

Әйтпесе, арманымның боз атындай,
Сағымнан қолын бұлғап созатындай.
Ақпаным ақ күндерін бермесе де,
Уақытпен санасып жүр озатындай.

Жарысып билік жолын көктен сұрап,
Жүрегін жылыта алмай төккен шуақ.
Ақпанның ақ бораны адастырып,
Әлдекім, жүрген шығар көктем сұрап?!

***

Алматыма

Сәті түсіп, Есілге менде келдім,
Арман болып көргеннен көрмегенім.
Жатсындың деп Алматым, өкпелеме,
Жабыққанда жанымды емдемедің.

Кетем деп ем, оралып кел демедің,
Аласарып қалардай өр кемелің.
Тәкаппарлық танытпа, Ерке қала!
Таласым жоқ өзіңмен төрге менің.

Құшағында оянсам жат қаланың,
Есім кетіп, жылауға шақ қаламын.
Өрлігіңе өлердей ғашық екем,
Алыс кетіп қалайша бақ табамын?!

Қарсы алмасаң алдымнан алып мекен,
Өзегімді өрт шалып, жанып кетем.
Сағындым деп мойында, Ару қала!
Арқалы елде әйтпесе, қалып кетем...

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста