Төтенше жағдай кезінде жүректі жылытқан фото

"Әлемді мейірім ұстап тұр" деген әдемі сөз бар еді ғой. Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай тек Оңтүстік халқын ғана емес, барша қазақстандықтарды жылатты, алаңдатты, тебірентті, біріктірді.
Жеме жемге келгенде барша қазақстандықтар Арыс қаласының тұрғындарына көмек қолын созу үшін ұмтылды. Қазірдің өзінде 263 миллион 985 мың теңге жиналғаны белгілі болып отыр. Жиналған қаржы ұстағанның қолында тістегеннің аузында кетпес үшін Түркістан облысы әкімдігінің жанынан ресми қор құрылды. Бұл қаржыдан әзір бір тиын да алынбайды. Оны қайда жұмсауды жағдай тұрақталған соң тұрғындар арасынан құрылған комиссия шешеді деп күтілуде. Ең бастысы амандық болса, аз уақытта Арыс қаласы қалпына келтіріліп, тұрғындар өздерінің тұрғын жайына қайтады деп күтілуде. Осындай төтенше жағдай кезінде қазақстандықтардың "бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып "бірігуі көптің көңілін қуантып отыр. Елдігіміз, бірлігіміз сынға түсетін осындай сәтте, халықты сабырға шақырып, жүрек жылытар істерімен көзге түсіп жатқан барша халыққа тиісті орындар да өз ризашылығын білдіруде. Айта кетерлік жайт, сондай көп мысалдың бірі, әлеуметтік желілерде шарлап жүрген осы бір сурет деуге болады. Тіпті барша халықтың көңілін жібіткен суретке әлеуметтік желілерде түрлі арнау өлеңдер де шығарылған. Енді осы бір суреттің қахармандарына келер болсақ, фотода Шымкент қаласы ТЖ департаментінің өрт сөндірушілері Абылай Бабаханұлы Бабахан, Бексұлтан Миятұлы Ибадулла, Үсен Асқарұлы Қазыбек, Эльдар Владимирович Қырықбаев әйел адамды машинаға (вахтовкаға) көтеріп мінгізіп, Арыс қаласынан Шымкент қаласының эвакуациялау пунктіне көшіруде.  «Инстаграм» әлеуметтік желісінің парақшаларында осы фотоға айтарлықтай оң комментарий жазылған. Атап өтер болсақ, 1 мыңнан астам пікір және лайк басылды 60 мың адам лайк басқан. Көшіру кезінде күнделікті мініп, түсіп жүрген көлігі болмаған соң, ыңғайсыздық тудырып, міне алмай жатқан анаға арқасын тоса қойған азаматтың іс-әрекеті талай елдің сүйсінген пікіріне арқау болды. Ер адам осындай сын сағаттағы әрекетімен танылатынын ескерсек, төтеншелік қызметкердің бұл әрекеті расымен ел сүйсінерліктей екені анық. ІІМ қарасты Төтенше Жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі түсініктеме берген  фотосурет төтенше жағдай кезіндегі төтеншелік мамандардың шынайы еңбегі мен адал қызметінің, кез келген сәтте елді қорғау үшін шын мәнінде арқасын тоса алатынының дәлеліндей. 

Қуаныш Ерсұңқар

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста