Солтүстік Қазақстан облысында өңірдегі тұрғын үй құрылысының мәселесі талқыланды

Солтүстік Қазақстан облысында өңірдегі тұрғын үй құрылысының мәселесі талқыланды

Баспана, тұрғын үй мәселесі қай уақытта да өзекте мәселе екені белгілі. Елімізде осы түйткілді мәселені шешу үшін ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Атап айтсақ, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасынның аясында атқарылып жатқан істер баршылық. Бағдарламады арнайы тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру тетігі деген бөлім бар. Сол жерде атқарылар істің барлығы егжей-тегжейлі тәпсірленіп тұрып баяндалған. 

Сондай-ақ, бағдарламада құрылыс материалдарының өнеркәсібі экономиканың ірі құрамдас бөлігі екені де айтылған. Өйткені құрылыс жүргізілгенде материал қажеттілігіне байланысты экономиканың басқа салаларындағы өсу қарқынына және тұтастай алғанда, қоғамның әлеуметтік жағдайына айтарлықтай әсер етері белгілі. Өңірлерде мемлекеттің қаражаты есебінен тұрғын үйлерді іске қосу көлемдерін негізге ала отырып, осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде үй салу комбинаттарының оңтайлы саны, өте тиімді технология, өндірістің қуаты, қаржыландыру схемасы мен құрылымы айқындалған. Онда тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мынадай шаралармен қамтамасыз етіледі деп нақты көрсетілген. Елді мекендердің бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жоспарлаудың жобалары мен құрылыс салу қағидаларына сәйкес дайындалған жер учаскелерін бөлу туралы, құрылыс салу жоспарланған учаскелерді міндетті түрде жылумен, сумен, газбен және электрмен жабдықтаудың, телефондандырудың инженерлік желілерін, су бұруды (кәрізді), инженерлік құрылыстарды қамтитын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу қажеттілігі де баса айтылған.
Бұның бәріне тоқталып отырған себебім Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй, баспана мәселесінің қалай шешіліп жатқаны туралы деректерге байланысты болып отыр. Бұл жайындағы әңгіме облыстық әкiмдiктiң отырысында айтылды. Аймақ басшысының мәліметіне қарағанда Солтүстiк Қазақстан облысында үш жылда еңбек ресурстарын тарту мақсатында ауылдарда 3 мың үй салыныпты.
Отырыста өңірдегі өзекті мәселелер айқындалып, қол жеткен жетістіктер мен қатар шешімін таппай жатқан кемшіліктер де талқыланды. Келесі жылы облыста жол жөндеу, тұрғын үй салу және басқа да салаларға республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінбекші. Сондықтан қаржыны игеруге қазірден бастап бастап дайындық жасалатын болды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов «Бiз үйлердiң бiрнеше нұсқасын бекiттiк, сол арқылы құрылыс жүргiзу керек. Жұмыстың барлығын арнайы комиссия тексереді. Аудан әкімдері, құрылыс кәсіпорындарының басшылары оның жүзеге асырылуына тікелей жауап беретін болады. Биыл 100 үй, келесi жылы 600 үй бой көтередi. 2020 жылы 1000, 2021 жылы 1400 үй салынады. Бюджетте бұл үшін қаржы қарастырылған» — деп атап өтті.
Тағы бір ерекшелігі тұрғын үйлер бiрыңғай сәулет стилiнде салынатын көрінеді. Соған байланысты облыстағы барлық аудандар бекiтiлген нобайлармен жұмыс жасамақ. Осы мәселені қадап тұрып айтақан өңiр басшысы аудан әкiмдерiне дайындық жұмыстарын жүргiзудi тапсырды. Жұмыс барысында техника, құрылыс материалдары және құрылысшылардың жеткiлiктi болуы да нақты тапсырылды.
Сонымен қатар жиында үстіміздегі жылдың алғашқы сегіз айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2018-2019 жылдардағы жылыту науқанына дайындық барысы талқыланды. Жылыту  қазандықтары мен жылу құбырларының жай-күйі қандай екені де пысықталды. Алқалы жиынға тікелей байланыс режимінде аудан әкімдері, облыстық және аумақтық басқармалар мен департаменттердің, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Нұрлы Еділов

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста