Асан Базылов, ҚР ТМРБТҚҚК төрағасының орынбасары: "Бәсекелестікті қорғау мен дамыту – нарық талабы"

Асан Базылов, ҚР ТМРБТҚҚК төрағасының орынбасары: "Бәсекелестікті қорғау мен дамыту – нарық талабы"

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында монополияға қарсы қызметтің жұмыс тұжырымдамасын өзгерту және Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы стандарттарына сәйкес келтіру көзделген еді. Ел экономикасын дамытуды ынталандыруда маңызды қадамдардың бірі тұтынушылар құқығын қорғау болып есептеледі. Сондай-ақ ел болашағының баянды әрі бай-қуатты болуы – экономикамыздың да, адам капиталының да бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тікелей байланысты екені түсінікті. Осы орайда біз еліміздегі еркін бәсекелестік пен тұтынушы құқығының сақталуына қатысты көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті төрағасының орынбасары Базылов Асан Шөжебайұлына қойған едік. 


– Асан Шөжебайұлы, тұтынушы құқығы дегенді бірден түсінуге болады. Ал бәсекелестікті қорғау дегенді қалай түсінеміз? Комитет бәсекелестік дамыту және қорғау үшін қандай шаралар қабылдап жатыр?
– Тұтынушылардың құқықтарын қорғау дегеніміз – бұл мемлекет іске асыратын және тұтынушылар мен кәсіпкерлік субъектілері қызметін – дайындаушы, орындаушы және сатушы арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған шаралар кешені. Ал бәсекелестік - өндірістік факторларларды өз пайдасы үшін барынша тиімді пайдалануға тырысатын нарық субъектілері арасындағы жарыс деуге де болады. Яғни, бәсекелестік шаруашылық жүргізуші субъектілердің бақталастығы. Олар өздпрінің жекелеген әрекеттері тауар нарығына, яғни тауар айналымына әсер ете алады. Әлемнің барлық елдерінде монополистік қызметті шектейтін монополияға қарсы заңнама бар. Елімізде бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Комитет (монополияға қарсы орган) әзірлейді және іске асырады.
Барлық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады. Бұдан басқа, мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тиісті экономика салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде бәсекелестікті дамыту жөнінде шаралар қолдануға және бәсекелестікке теріс ықпал ететін әрекеттерді жасамауға міндетті. Бәсекелестікті қорғау саласындағы саясат мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Яғни, тауарлардың және қызметтің бағасын арзандату, олардың сапасын арттыру және рынокты тиімді тауарлармен толықтыру – бұл ұзақ мерзімде қалыптасатын әділ де оңтайлы бәсекелестік қатынас. Соңғы уақытта мемлекетіміздің тарапынан бәсекеге қабілетті тауар рыногын қалыптастыру мақсатында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Бәсекеге қабілетті рынокты және монополияны реттеудің сенімді тетіктерін қалыптастыру біздің монополияға қарсы саясаты-мыздың негізі болып табылады.
Осыған байланысты, заңнама және бәсекелестікті қорғау саясаты бірінші кезекте, бәсекелестік емес іс-әрекетті және монополистік қызметті реттеуге, бәсекелестікті өрескел шектеудің жолын кесу, бәсекелестікті дамыту және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау (оның ішінде тауар нарығына жаңа нарық субъектілерінің кіруіне кедергі келтіретін әкімшілік және өзге де кедергілерді төмендету арқылы), мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту жұмыстары атқарылып жатыр. 

– Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық жайлы не айтар едіңіз? 


Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылыққа төмендегі жағдайларды жатқызамыз:
* нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері;
* нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері;
* монополиялық немесе үстем жағдайды теріс пайдалану;
* мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері, келісімдері.
Комитеттің бәсекелестікті қорғауына қатысты сұраққа оралсақ, нақты мынандай әрекеттерді атап айта аламыз:
* нарық субъектілерінің әрекеттерінде бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама жіберу арқылы монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтардың алдын алу;
* экономикалық шоғырлануды бақылауды жүзеге асыру;
* монополияға қарсы комплаенстарды келісу;
* тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу;
* монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілерінің болуына немесе жоқтығына тергеп-тексеру жүргізу;
* монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жазалар қолдану;
* монополияға қарсы органның нарық субъектілерінің атына бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулар шығаруы;
* монополияға қарсы органның мемлекеттік органдардың атына монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығаруы;
* сотқа талап-арызбен және өтініштермен жүгіну, сондай-ақ соттардың монополияға қарсы заңнаманы қолданумен және бұзушылықпен байланысты істерді қарауы кезінде процестерге қатысу.
– Бәсекелестік пен тұтынушы құқығын қорғауға қатысты әрекеттерді комитет қандай заңнамаларға сүйеніп жүргізеді? Арнайы бағдарламалар қабылданған ба?
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бекітілді, ол экономикалық өсудің жаңа моделін құруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ орташа мерзімді перспективада Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі үшін еліміздің дәйекті және тұрақты даму саясатын жүргізуге бағытталған. Стратегияда Бәсекелестік және бәсекеге қабілетті бизнес» деп аталған үшінші реформаның мәні дамудың жаңа кезеңінде жеке меншік бизнес экономикалық өсудің және жаңа жұмыс орындарының пайда болуының негізгі қозғаушы күшіне айналуы тиіс, ал бәсекелестік өнімділік пен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін ынталандырулар қалыптастыратын болады. Өз кезегінде, реформа мемлекеттің және мемлекеттік монополиялардың рөлін қысқартуға, бизнесті жүргізуге кедергілерді төмендетуге, жеке кәсіпорындардың, әсіресе орта кәсіпорындардың өсуін ынталандыруға бағытталған.
2017 жылғы 27 желтоқсанда 2018-2019 жылдарға арналған дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі индикаторларын жақсарту бойынша өзектендірілген шаралар кешені қабылданды. Шаралар жоспары 224 іс-шарадан, оның ішінде «Жергілікті бәсекелестіктің қарқындылығы» (2018 жылға арналған нысаналы көрсеткіш – 80-орын), «Тауар нарықтарының монополиялану дәрежесі» (жоспар – 71-орын) және «Монополияға қарсы саясаттың тиімділігі» (жоспар – 66-орын) индикторларына қол жеткізуге бағытталған шаралардан тұрады.
2018 жылғы 5 наурызда Комитет төрағасының бұйрығымен Комитеттің 2018 жылға арналған тауар нарықтарына талдау жүргізу жоспары бекітілгенін атап өткен жөн. Талдау жоспарына сәйкес 2018 жылы 19 тауар нарығына талдау, оның ішінде азаматтық авиация және порттар саласында – 3, көлік және байланыс – 3, отын-энергетика кешені – 3, өнеркәсіп – 3, агроөнеркәсіп кешені – 3, қаржы нарығы және өзге салалар – 4 талдау жүргізу көзделген. Тауар нарықтарына талдау жүргізу кезінде жаңа нарық субъектілерінің пайда болуы үшін бәсекелестікті дамытуда әкімшілік, экономикалық, технологиялық кедергілерді анықтауға назар аударылады. Тауар нарықтарына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың жетілдіру және талданатын тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту бойынша жүйелі шараларды қабылдау жөнінде нақты ұсыныстар дайындалады.
Бизнес үшін шығындарды азайту арқылы бизнес ортаны жақсарту бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізілетінін және ұзақ мерзімді сипатта болып табылатынын атап өткен жөн.
Айталық, Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында кәсіпкерлер үшін шығындарды қысқарту бойынша жұмысты жалғастыру қажеттілігі атап өтілді.
Осыған орай, ағымдағы жылы аталған жұмысты жалғастыру үшін мемлекеттік тапсырма шеңберінде «Бизнестің өнімсіз шығындарын жүйелі төмендету және бизнес ортаны қалыптастыру үшін бәсекелестікке қарсы кедергілерді жою» тақырыбында зерттеу жүргізу көзделген.
Осы және басқа шаралар Қазақстанның ДЭФ ЖБИ рейтингіндегі позицияларын жақсарту мақсатына жетуге мүмкіндік береді (2017 жылы – 138 елден 57-орын).
ЭЫДҰ-мен белсенді ынтымақтастық жалғасуда және монополияға қарсы қызметтің жұмысын ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру үшін одан әрі қажетті іс-қимылдар қабылданады (Ұлт жоспарының 53-қадамы).
– 100 нақты қадамның 53-қадамы қалай іске асырылып жатыр?
– 100 нақты қадамның 53-қадамы «Монополияға қарсы қызметтің жұмыс тұжырымдамасын өзгерту және оны ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру». Қазіргі таңда осы қадамда айтылған мәселе біртіндеп іске асырып жатыр. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі монополияға қарсы қызметтің жұмыс тұжырымдамасын өзгерту және оны ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру бойынша 2 кезеңдік тәсілді әзірледі.
Бірінші кезеңді іске асыру қорытындысы бойынша 2015 жылғы 29 қазанда «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы имплементацияланған Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылданды.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2016 жылғы 17 маусымда Қазақстан ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі комитетіне қатысушы ретінде қабылданды.
2016 жылы ЭЫДҰ жүргізген Қазақстан Республикасының бәсекелестік саясатына және заңнамасына шолу жарияланды.
Шолу қорытындысы бойынша бәсекелестік заңнаманы және саясатты жетілдіру және оларды ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру бойынша бірқатар ұсынымдар берілді. Аталған ұсынымдар Қазақстанның монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстың негізі болды.
2016 жылғы 28 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оған сәйкес, тұтастай алғанда заңнамаға нарық субъектілеріне әкімшілік жүктемені төмендетуге және монополияға қарсы органның қызметін трансформацияларуға бағытталған түзетулер енгізілді.
Бұдан басқа, жол картасының 1-тармағына сәйкес Министрлік ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі комитетіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер әсеріне талдау жүргізу, сондай-ақ 2019 жылы Қазақстан Республикасының бәсекелестік заңнамасы мен саясатына қайта Шолу жүргізу мүмкіндігін қарау туралы 2018 жылғы 18 тамыздағы № 35-13/566-И хат жіберді.
ЭЫДҰ-ның 2018 жылғы 9 қаңтардағы хатымен Министрліктің атына 2016 жыл жарияланған Қазақстан Республикасының Бәсекелестік саясаты мен заңнамасын шолу қорытындысы бойынша ұсынымдарды имплементациялауды талдау мақсатында сауалнама жіберілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 3529-56 ПАБ тапсырмасына сәйкес № 53 қадам бойынша бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтау мәніне барлық заңнаманы талдау қорытындысы қажет екендігін қосымша атап өтеміз (2017 жылғы ЖҰЖ 36-т, мерзімі - 2018 жылғы шілде).
Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 36-тармағына сәйкес бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтау мәніне барлық заңнамаға ревизия жүргізу көзделген.
Бұл ретте, ЖҰЖ жеке, дербес құжат болып табылатынын және ЖҰЖ-дың 36-тармағын іске асыру Ұлт жоспарының 53-қадамын орындаумен байланысты емес екендігін атап өтеміз.
Ревизияның мақсаты қоғам мүдделеріне нұқсан келтіру қаупінсіз саламатты бәсекелестікті дамыту және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы еліміздегі бизнес ахуалын жақсарту болып табылады.
Бірінші кезеңде Министрлік Кәсіпкерлік кодексте негізі қаланған кәсіпкерлік қызметті реттеу қағидаттарын ескере отырып, бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтау өлшемшарттары мен тәсілдерін және оларды қайта қарау алгоритмін көздейтін Ревизия жүргізу әдістемесін әзірледі.
Екінші кезеңде, 2017 жылы бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтау мәніне 108 заңға және 972 заңға тәуелді актіге ревизия жүргізілді. Аталған заңнамалық актілерге ревизия жүргізу нәтижесінде бәсекелестікке кедергі келтіретін 144 позиция анықталды.

Айнұр Нұрсабет 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста