Өткен жылы бағасы заңсыз көтерілген қант, нан, қарақұмық жармасының бағалары қалпына келтірілді

Өткен жылы бағасы заңсыз көтерілген қант, нан, қарақұмық жармасының бағалары қалпына келтірілді

Асан Көбентайұлы Дарбаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті төрағасының орынбасары:

«Өткен жылы бағасы заңсыз көтерілген қант, нан, қарақұмық жармасының бағалары қалпына келтірілді»

- Бүгінгі күні азық-түлік тауарларын өткізу заңдылықтарын бұзушыларға қандай жауапкершілік жүктеледі? Сондай-ақ тауар нарығындағы ахуал тұрақсыз болған жағдайда монополияға қарсы органның рөлі қаншалықты?
- Комитеттің міндеті бәсекелестікті қорғау, яғни тауар нарықтарында монополияға қарсы заңнаманың талаптарын сақталуын бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде бағаларды белгілеу және ұстап тұру бойынша нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерді (бағалық сөз байласулар, жасанды тапшылық жасау және т.б.) жасауына тыйым салу. Тауар тапшылығы немесе олардың бағаларының көтерілуі туралы келіп түскен өтініштерге байланысты тауар нарығындағы ахуалға талдау жүргізіледі. Талдаудың мақсаты сондай-ақ бағаларды белгілеу және ұстап тұру, тауарды өткізуді шектеу бөлігінде келісілген әрекеттер және өзінің үстем/монополиялық жағдайын теріс пайдалану белгілерін анықтау. Заң бұзушылық белгілері тергеп-тексеру жүргізуді бастау үшін негіз болады, ал расталған фактілер әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Мысалы, өткен жылдардың статистикасына көз жүгіртсек, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қант, нан, қарақұмық жармасы, тауықтың сан етіне бағаларды белгілеу және ұстап тұру бойынша бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер фактілері расталды. Нәтижесінде нарық субъектілерінің келісілген әрекеттері фактілерінің жолы кесілді, атап айтқанда тауықтың сан етін өткізу нарығында қолданылатын маржа төмендетілді, қант, нан, қарақұмық жармасының бағалары қалпына келтірілді.
Азық-түлік тауарларын өткізу нарық субъектілеріне монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жоғары айыппұл санкциялары қолданылатынын ескертеміз.
Сондай-ақ бағаларды белгілеу және ұстап тұру, бір сөзбен айтқанда бағалық сөз байласу тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеу бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер, сондай-ақ жасанды тапшылық жасау бөлігінде нарық субъектілерінің өздерінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалану фактілері ӘҚБтК-нің 159-бабы бойынша сараланатынын атап өтеміз, оған сәйкес монополистiк қызметi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) – 3%, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 5% мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Ұялы байланыс нарығындағы тарифтің жиі көтерілуіне қатысты сын жиі айтылады. Бұған қатысты не дейсіздер?
- Комитет қараған кезде ұялы байланыс қызметтерін көрсету тауар нарығындағы бәсекелестікке талдау және бағалау жүргізді, осы нарық субъектілерінің өкілдерімен және байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар саласындағы уәкілетті органмен пікірталас өткізді, тұтынушы және бәсекелестер үшін мәміле жасаудан болжанатын нәтижелер, сондай-ақ тұтастай алғанда нарықты дамыту перспективалары бағаланды.
Осы өтінішхатты қарау барысында «Қазақтелеком» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» АҚ (нарықта «Теле2» және «Алтел» брендтерін білдіретін) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 165-бабының 1-тармағына сәйкес бір тұлғалар тобына кірмейтіні анықталды, себебі осы серіктестердегі бақылау пакеті «Tele 2 AB» швециялық компаниясына тиесілі. Осылайша, қазіргі кезде «Қазақтелеком» АҚ-ның ұялы байланысты ұсыну қызметтері нарығындағы нарықтық үлесі жоқ. Осы экономикалық шоғырланудың нәтижесінде мынадай оң үрдістер болжанады:
1) тұтынушылардың мүддесіне сау бағалар мен тарифтердің тұрақтылығы;
2) желілерді оңтайландыру/интеграциялау және абоненттер үшін жаңа көрсетілетін қызметтер;
3) 4G форматында ұялы байланыс қызметтерімен қамтуды ұлғайту;
4) 5G форматында ұялы байланысты жедел енгізу;
5) «Қазақтелеком» АҚ орналастыратын акцияларының инвестициялық тартымдылығын арттыру.
Бұл ретте, «Кселл» АҚ ұялы операторлар нарығында көшбасшы болып табылады (нарық үлесінің 37,5 %-ына ие). «Кселл» АҚ-ның «Қазақтелеком» АҚ тұлғалар тобына кіруі «Қазақтелеком» АҚ-ның бақылауындағы телекоммуникациялық инфрақұрылымды (кәбілдік кәріз, антенналық-мачталық құрылыстар (мұнаралар, мачталар, тіректер), магистральдық байланыс желілері және т.б.) және радиожиілік ресурстары (радиожиілік арналары) шоғырландыру нәтижесінде оның нарыққа ықпалын күшейтуге мүмкіндік береді.
Айталық, «Кселл» АҚ-мен өзінің телекоммуникациялық инфрақұрылымын (кәбілдік кәріз, антенналық-мачталық құрылыстар (мұнаралар, мачталар, тіректер), магистральдық байланыс желілері және т.б.) бірлесіп пайдалану мүмкіндігі есебінен «Қазақтелеком» АҚ өзінің инфрақұрылымын үлестес емес нарық субъектілеріне ұсыну кезінде кемсітушілік жағдайлар жасауы мүмкін.
Телекоммуникациялық нарықтарда бәсекелестік үшін теріс салдардарды жою және нарыққа барлық қатысушылар үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Комитет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерді жасау туралы нұсқама шығарды. Комитет «Қазақтелеком» АҚ-ның «Кселл» АҚ-ның дауыс беретін акцияларының 75%-ын сатып алуы бойынша мәміле жасалғаннан кейін 6 ай ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне адал бәсекелестік қағидаты негізінде ұялы байланыс саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлеуге нұсқама етті.
Бұдан басқа, Комитет 10 талапты (міндеттемелерді) орындаумен негізделген осы экономикалық шоғырлануды жасауға келісім берді. Осы талаптар «Кселл» АҚ-ның басқаруы, Қазақстанды 4G желісімен қамтуды кеңейту, ұялы байланыс қызметтерін тұтынушылар үшін желінің сапалық көрсеткіштерін жақсарту, «Қазақтелеком» АҚ акционерлік капиталындағы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның үлесін азайту бойынша жұмыс жүргізу, бәсекелестікті шектеуге, Қазақстан Республикасының тиісті тауар нарығында үстем жағдайды теріс пайдалануға жол бермеу рәсіміне және басқаларға қатысты.
Тұтастай алғанда, жоғарыда аталған мәмілені қарау кезінде Комитеттің негізгі міндеті тұтынушыларды, ұялы операторларды және байланыс саласындағы реттеуші органды қанағаттандыратын келісім шарттарын әзірлеу болды.
- Монополияға қарсы орган мемлекеттің кәсіпкерлік ортаға қатысуын қысқарту бойынша қандай шаралар қабылдайды, мемлекеттік компанияларды құрудың негізі не болып табылады?
- Мемлекет басшысының 2020 жылға қарай мемлекеттік секторды ІЖӨ-нің 15 %-ынан аспайтын қысқарту туралы міндеті бүгінгі күні өте өзекті болып тұр. Бизнес үшін жаңа бос орындар бірінші кезекте мемлекет иелігінен алу есебінен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. «YellowPagesRule» қағидаттарын заңнамалық түрде бекіту осы жолдағы үлкен табыс болды.
• Квазимемлекеттік субъектілердің қызметін түгендеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде өткен жылы Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары (ҚР Үкіметінің № 1141 қаулысы) 168 объектімен толықтырылды.
• 2016-2017 жылдары Жекешелендірудің кешенді жоспарында көзделген 902 объектіден іс жүзінде 367 объект (164 млрд. теңге сомасына) бәсекелес ортаға берілді. Бұдан басқа, 255 объект қайта ұйымдастыру және тарату сатысында тұр. Тұтастай алғанда, қайта ұйымдастырылатын және таратылатын объектілерді есепке алғанда Жекешелендірудің кешенді жоспары 71%-ға орындалды.
• Ағымдағы жылғы 18 қаңтарда Үкіметке мемлекет қатысатын 36 заңды тұлғаны, оның ішінде 2 республикалық меншік субъектісін, 20 коммуналдық меншік субъектісін және 14 ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер құрылымында тұрған субъектілерді бәсекелес ортаға беру бойынша жаңа ұсыныстар қосымша жіберілді.
Бұл ұйымдар жарғылық қызмет түрлерін, қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелерін талдау, тауар нарығына мемлекеттің қатысуының орындылығын бағалау негізінде айқындалады.
Сонымен қатар, Мемлекет қатысатын АҚ және ЖШС жүзеге асыруға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін заңнамалық түрде бекіту көзделеді (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысы).
2018 жылғы 1 қаңтарға № 1095 қаулымен көзделген қызмет түрлерінің саны 351-ді құрайды, оның ішінде:
- республикалық меншік бойынша 55;
- коммуналдық меншік бойынша 22;
- ұлттық холдингтер/компаниялар меншігінде 274.
Қызмет түрлерінің тізбесін өзектендіру шеңберінде Министрлік тауар нарықтарына жүргізілген талдаулар қорытындысы бойынша Үкіметке осы Қызмет түрлерінің тізбесін өзектендіру (қысқарту) бойынша ұсыныстар жіберді.
Осылайша, мемлекеттің бәсекелес ортаға қатысуын қысқарту жекеменшік сектор үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
- Комитеттің табиғи монополиялар субъектілерін тарифтік реттеуді жетілдіру шеңберінде Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен (ЕҚДБ) бірлескен жұмысының негізгі нәтижелері қандай?
- 2014 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) ынтымақтастық туралы келісім жасасты, оның шеңберінде екі фазадан тұратын «Инфрақұрылымдағы реттеу және тарифтік саясатты әзірлеу» атты зерттеу жобасы іске асырылады.
Бірінші фазаны іске асыру шеңберінде (2015 жыл) тарифтік саясатқа, нормативтік құқықтық базаға және Қазақстандағы табиғи монополияларды реттеу процесіне талдау жүргізілді.
ЕҚДБ-ның ұсынымы бойынша уәкілетті органға Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібін бекіту жөніндегі функция берілді.
Осы Ерекше тәртіптің артықшылығы өтінімді қараудың қысқа мерзімі – 180 күннің орнына 45 күн.
Бұдан басқа, субъект реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа, сенімділік және тиімділік өлшемшарттарын ескере отырып қалыптастырылатын, тарифке енгізілген пайданың 30 %-ынан аспайтын пайдаға дербес иелік етеді.
Екінші фазаны іске асыру шеңберінде қазіргі кезде ЕҚДБ шетелдік салалық сарапшылармен (Германия, Швейцария, Литва, Ресей) бірлесіп жылумен жабдықтау, электр энергиясын беру, сумен жабдықтау, теңіз порттары, әуежайлар салаларындағы тариф белгілеу әдіснамасын жетілдіріп жатыр.
Осы жұмыстың қорытындысы бойынша саланы дамытудың негізгі міндеттерін шешуге және үздік әлемдік практиканы енгізуге, мысалы тарифтік реттеудің шығын әдісінен ынталандырушы және өзге әдістеріне өтуге бағытталған ұсыныстар қалыптастырылады.
Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді олардың қызметінің тиімділігін арттыру және көрсетілетін қызметтердің сапа стандарттарын сақтауға қарай бекітуді көздейтін ынталандыру әдісі кәсіпорындарға өз шығындарын үнемдеуге және өз тиімділігін арттыруға (үнемделген қаражатқа дербес иелік ету) мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, азаматтардың әлеуметтік аз қамтылған санатын қолдау мақсатында ЕҚДБ ұсынымдарының негізінде («Қала экономикасы институты» АҚБ (Ресей Федерациясы) және Metropolitan Research Institute (Венгрия)) ТКШ қызметтеріне ақы төлеуге қатысты нысаналы субсидияларды енгізу арқылы тұрғын үй көмегін берудің қолданыстағы жүйесін жаңғырту ұсынылады.

Еркенұр Ерзия "Алаш айнасы"


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста