Желтоқсаншыларға арнап ескерткіш ашылмақ

Желтоқсаншыларға арнап ескерткіш ашылмақ

Тәуелсіздік ықылым заманнан келе жатқан қазақтың арманы еді. Тәуелсіздік – бұл кешегі Желтоқсан көтерілісіне қатысқан өндірдей жастардың, бүгінгі елуді еңсерген жандардың намысын тұтатқан алау. Осынау орны бөлек, қастерлі де қымбатты мереке тұсында Райымбек ауданының әкімі Жанат Тәжиев 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан бір топ өңір тұрғындарын қабылдады.

Аудан әкімі мұз жас­тан­ған «желтоқ­саншы­лармен» емен-жарқын әң­гі­мелесті. Тәуел­сізді­гіміз­ді тұғырлы ету, Елбасы­мыз­дың саяса­тын қолдау, жас ұрпақ келешегін қам­дау, аудан­ның болашағы, Желтоқсан көтерілісіне қатысу­шылар­мен бірлесе жұмыстар жүргізу осынау жылыжүзді жүз­десудің әңгіме өзегіне айналды. Желтоқ­сандық­тарға арнайы сый-құрмет көр­сетілді. Ізгі тілек-ниет­тер айтылды.

Басқосуда Тоқан Дос­тар­­беков, Бақытгүл Раева, Майрагүл Қайырбекова се­кілді Желтоқсан көтері­лісіне қатысқан жандар арнайы қабылдау жасап, құрмет көрсеткен, ыстық ықылас біл­дірген аудан әкіміне риза­шылықтарын айтты. Алда атқарар шаруаларын, ойла­рын, ұсыныстарын ор­таға салды. Жиын соңында келер жылы аталып өтілер Жел­тоқ­­­сан көтерілісінің 30 жыл­ды­ғында аудан орта­лы­ғы­нан арнайы ескерткіш ор­нату, мектептер мен мұра­­жай­лар­дан бұрыш ашу, ел-жұрт­­пен, жас ұр­пақпен түрлі кез­десу ұйым­дас­тыру мә­се­­лелері қоз­ғал­ды.

Қанат БІРЖАНСАЛ.

Райымбек ауданы. 

www.zhetysu-gazeti.kz/index.php

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста