Теміртауда 18 студент екпеден кейін ауруханаға түсті
Қарағанды облысының Теміртау қаласында медициналық колледждің 18 студенті қызылша ауруына қарсы егілген екпеден кейін ауруханаға түсті. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлаған.
"Облыста қызылша ауруына қарсы екпе егу жұмыстары басталды. Теміртау медициналық колледжінің 18 студенті қаланың медициналық мекемелеріне "вакциналаудан кейінгі синдром" диагнозымен жеткізілді. Бүгін оларды қарап шықтық. 17 адам ауруханадан шығарылды, біреуі дәрігерлердің қарауында қалады", - деді тілшілерге берген сұхбатында Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.Оның айтуынша, Үндістанда шығарылған вакцинаны колледждің 178 студенті алған.
"Тексеріс жүргіздік. Екпе жасаған медициналық қызметкерлер тарапынан ешқандай бұзушылықтар анықталмады", - деп атап өтті басқарма басшысы. Ол өңірде қызылша ауруына қарсы вакцина жалғастырылатынын қосып өтті.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу