Текелі үздіксіз дамып келеді

Текелі үздіксіз дамып келеді

Текелі тегеурінді дамып келе жатқан қала. Мемлекеттік "Моноқалаларды дамыту" бағдарламасына енгелі кеншілер шахары қуаныштан кенде емес. Шағын шаһарда сандаған игі істер атқарылып жатыр. Экономикалық даму өз алдына, қаланың сәулеті мен сәні жарасып келеді. Көгалдандыру, гүлдендіру жұмыстары қар түскенше тоқтар емес.

Текелі...Тау аңғарында орналасқан олжалы қала. Табиғаты -таңғажайып, ауасы -саф, қойнауы -кен. Моноқалалар тізіміне енгелі тіпті, ашылды мүмкіндіктер көкжиегі кең! Тиісінше, шағын шаһар да ай санап ажарланып, сәулет мен құрылысы өзіндік өрнек тапты. Айрықша мақтаныштары - арқырай аққан Текелі, Қора, Шажа атты 3 тау өзені дәл осы қалада тоғысып, тулай аққан арнасынан Қаратал бастау алады. Көпшілік көзайымына айналған осы тұста өзен қапталына биыл өрнектас төселді. Қалалықтар риза!

ДАРИҒА ТҰРДИЕВА ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Кен қаласы жарықтандырудан да кенде емес. Тек биылдыққа 50- ге жуық бағанаға көше шамы орнатылды. Аялдамалар да "адам танығысыз" өзгерді. Жыл басынан 9-ы жаңаланды. Тұрғындары: "Басқа қалада жүргендейміз",-деп, бағасын арттырып қояды. Жаяу жүргіншілерге арналған соқпақ атаулы да жаңа. Жоспар бойынша 6000 шаршы метрі қайта төселді. Текеліде 142 шақырымдай жол бар. 70 пайызының жағдайы жақсы. Қалғанын да қала басшылығы біртіндеп жаңартып жатыр. Бастысы, биыл "әлемдегі ең ұзын көше" атанып, рекордтар кітабына енген Қонаев көшесінің бір бөлігі жаңаланды.

БОЛАТ БЕЛДІБЕКОВ ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Текеліліктерді Қора өзеніндегі аспалы ағаш көпір мазалайтын. Су тасыған кездерде өткел бермей, мал-жанның жайылымға өтуі қиындайтын. Биыл құлатылып, орнына 38 метрлік жаңа көпір салынды. Ақсу, Қаратал, Көксу мен Ескелдінің малдары жайлауға өтер жер, малшы қауым да қуанып жатыр, -дейді жауаптылар. Және бір жағымды жаңалық. Текеліліктер облыс әкімінің мектептер маңын қоршау, спорт алаңдарын ашу туралы тапсырмасын өзгелерден бұрын орындай бастады. Бүгінге 4 мектеп аумағына әдемі қоршаулар орнатылды.

САЛИХАТ НҰРЖАНОВА "ВК ШАММ" ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Орталық саябақта сан жыл қаңырап тұрған-тын. Жанданып, жасанып келеді. Биылғы жаңалық - жеке инвестициялар салынып бірнеше ойын аттракционы ашылды. қазір аумағы толық қоршалып жатыр. "Кенгуру" атты спорт алаңқайы құрылып, бозбалалардың бос кезінде спортпен айналысар сүйікті орнына айналды. Нәтижесінде қалада "воркаут стрит" спорты дами бастады.

РАХАТ БАЙЖАНОВ ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Жастар қуанып жатыр. Мұндай алаң түсімізге де кірмеп еді. 10-12 бозбала тұрақты түрде стрит-воркаутпен шұғылданып жүрміз. Шымырлыққа жақсы. Бұл еуропа елдерінде өте дамығна спорт қой. Бізде енді қанат жайып келеді. Біз ақылдасып, өзімізде осы көше спортының федерациясын ашсақ па деген ойда жүрміз! Жалпы, қаламызда жастар үшін қолға алынған жобалар көп. Ризамыз!

Кез-келген шағын қаланың дамуын - жастардың миграциясынан -ақ аңдауға болады. Текелінің тірлігі түзелгелі, жастардың қалаға көзқарасы жақсарған. Оқудан соң 70-80 пайызы оралып жатқан көрінеді. Мемлекет қамқорлығына алынғалы мұнда тұрақты жұмыс көп. Әрі, табиғаты тамаша, тыныс-тірлігі жаңаша қалада кім тұрғысы келмесін?!

Г.Мақұлжанова

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста