«Тәуелсіздік ұрпақтары». 3 млн теңгелік 30 грант ұтуға болады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Ақтөбе қаласындағы жастар ресурстық орталығына барды.
 
 
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгінгі буын өкілдерімен тілдесіп, мемлекет тарапынан бөлініп жатқан гранттар мен жастарға қатысты жүзеге асып жатқан бағдарламалар туралы айтты.

Министр ақтөбелік жастардың қандай мәселе мазалайтынын тәптіштеп сұрады. Өз кезегінде қала жастары жастар практикасы, жалақы аздығы, волонтерлік қызметпен айналысу, мемлекет тарапынан берілетін демеуақыны алу жолдарын сұрады.

Асқар Омаров Үкімет жастарды қолдаудың жаңа тетіктерін енгізіп жатқан, мысалы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылы жастар практикасынан өту кезеңі 6 айдан 12 айға дейін және «бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша 12 айдан 18 айға дейін ұлғайтылғанын жеткізді. Бұл жаста үшін алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға және қосымша ақша табуға жақсы мүмкіндік.

Министр оған қоса Мемлекет басшысы тағайындаған "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты арқылы 3 млн теңгелік 30 грантты ұтуға болатынын, жалпы жастар саясатына байланысты іс-шараларды айтып берді.

Асқар Омаров, сондай-ақ, Алға ауданына сапарлап, жергілікті жастармен жүздесті.

Coworking орталықта ізденем деген жанға жағдай жасалған, білім алып, ізденуге болады. Республикалық деңгейдегі жобалары ұтып, жүзеге асырып жатқан жастар министрге өз мәселелерін айтты.

Министр айтылған проблемаларды назарға алып, тиісті құқықтық-заңнамалық, қаржылық қолдаулар жайын қарастыратынын жеткізді.

Сапар қорытындысында А.Омаров Бестамақ ауылындағы медресе колледжін аралап, Ақтөбе қаласындағы Азаматтық альянс өкілдерімен кездесіп, ҮЕҰ өкілдерінің мәселелеріне құлақ түрді. Ақтөбе облысында 612 ҮЕҰ бар. Мемлекет ҮЕҰ-мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы ауылдармен де жан-жақты байланысты өзара нығайта түседі.

Baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста