Шымкентте құс саңғырығынан тыңайтқыш өндірілетін зауыт ашылды

 Шымкентте құс саңғырығынан тыңайтқыш өндірілетін зауыт ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz/ сайты Қазақстан құс өсірушілер одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құс фабрикаларында құс саңғырығы қайта өңделмей жинақталып жатуынан, адам денсаулығына және қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп отыр. Қуаттылығы 40 мың жұмыртқалайтын тауық, немесе 10 млн етті шөже шығыратын орташа құс фабрикасында жылына орта есеппен тиісінше 35-85 мың тонна құс саңғырығы және концентрациясы жоғары органикалық қоспалары бар су жинақталады. Қазіргі таңда «Шымкент құс» ЖШС-де құс саңғырығынан органикалық тыңайтқыш шығарылуды бастады. Осы құс саңғырығын қайта өңдеу технологиясы құс фабрикаларында аталған проблемалық мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік береді", - дейді аталмыш одақтың мамандары.

Құс саңғырығын қайта өңдеу кешенін құру арқылы мамандар қоршаған ортаны ластаудың және жинақталған саңғырықтардың зиянды әсерін болдырмауды жолын табатындықтарын айтады. Құс саңғырығын қайта өңдеу бойынша жұмсалған шығын көлемі өңделген өнімді сату есебінен жабылатын болады. Жобаға салынған қаржы сомасын қайтару мерзімі тыңайтқышты өндіру, сату көлеміне және жұмсалған қаржы сомасына байланысты белгілі болмақ. Жалпы, құс саңғырығынан экологиялық таза, тиімділігі жоғары органикалық тыңайтқыш алынатыны белгілі. Мұндай органикалық тыңайтқыш топырақтың құнарлығын арттырады. Әсер ету күші ұзақ болуынан оны топыраққа 2-3 жылда бір рет ғана енгізеді және пайдалану мерзімі шектелмейді. Шымкенттіктер алдағы уақытта қайта өңделген саңғырықтан брикет даярлап, ол брикеттерді жағып газ алып, газдан электр қуат алуды жоспарлап отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста