ШҚО-да отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы флешмоб өтті

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы флешмоб өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңір аумағында 21-30 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өткізіліп жатыр. Мұндағы мақсат - отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау, ана мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдағы отбасы рөлін нығайту. Осы орайда жергілікті полиция қызметінің сақшылары студенттермен бірге арнайы флешмоб өткізді.

«Полиция департаменті отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылық мәселесі бойынша 4 оңалту орталығымен тығыз байланыс орнатқан. Осындай орталыққа жеткізілген жәбірленушілерге психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетіледі», - деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Осы ретте, құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтарды зорлық-зомбылық фактілері болған жағдайда дереу полицияға хабарласуға шақырады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста