Семейде анасы суға ағызып жіберген бүлдіршін тірі болуы мүмкін

Семейде анасы суға ағызып жіберген бүлдіршін тірі болуы мүмкін

 Семейде 4 ай бұрын анасы Ертіске ағызып жібердім деген бір жарым жастағы Айша табылатын емес. Енді туыстарының айтуынша, олардың 24 жастағы келіні баланы өлтірмегенін мойындаған көрінеді. Сондықтан олар келіншекке шара қолдана алмай жүрген жергілікті құзырлы органдардың жұмысына наразы, – деп хабарлайды КТК арнасы.

“Бізге ғана айтып тұр. Біз бірден қасымызға тергеушіні шақырдық. Міне, Айсұлудың өзі баланы тірі деп айтты десек, ол мен адвокатсыз, прокуратурасыз түк сұрай алмаймын деді. Сонымен қайттық. Прокурор мен адвокат келген жоқ”, – дейді Айшаның әпкесі Зарина Серікболсынова.

Қыздың шешесі қанша уақыт өтседе баласын аңсаған адамға ұқсамайды дейді туыстары. Ал денсаулығына қатысты өткізілген психологиялық тексерістердің барлығы таза шығыпты. Айшаның әпкелері бұл істің артында Айсұлудың дөкей таныстары тұр деп күдіктенеді. Олардың бұлай ойлауына адам өліміне қатысты қозғалған қылмыстық істің аяқсыз қалғаны себеп болған. Алайда жергілікті полицейлер кішкентай қыздың денесі табылмағандықтан істі, тоқтатуға мәжбүр болғанын мәлімдеді. Келіншектің өзі де тергеушілерге тіс жарып ештеңе айтпаған. Сондықтан оны қолхат арқылы босатыпты.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста