Сайлау жүйесіндегі жаңашылдық

Сайлау жүйесіндегі жаңашылдық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 16 наурызындағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің институционалдық тұғырын нығайту мақсатында Президенттің өкілеттігін қысқарта отырып, Парламенттің рөлін арттыру қажетігін айтты. Ол үшін Сенатты жасақтау тәртібі мен оның бірқатар функциясын қайта қарау мәселесіне тоқталды.

 

Осы кезеңге дейін жоғарғы палатаға әр өңірден екі сенатор сайланса, 15 сенаторды Президент тағайындайындап келді. Яғни жоғарғы палатада 49 сенатор жұмыс атқарады. Бұл өз  кезеңінде озық әрі тиімді тәжірибе болды. Десе де, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам дамуын ескере отырып, бір орында тоқтап қалмай,  алға қарай қадам басу керектігін айтты. Осыған орай, Мемлекет басшысы Президентің Сенаттағы квотасын 15-тен 10 депутатқа дейін қысқартып, қалған бес сенаторды Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынатын болады деген шешімін жеткізді.

 

Сонымен қоса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліске де енгізілетін өзгерістерге тоқталды. Осы уақытқа дейін Мәжіліске 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын. «Бұдан былай, Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі квотасын жоямыз» деді Президент. Десе де, бұл квота түбегейлі жойылады деген сөз емес. Енді аталмыш квота саны 5 депутатқа дейін қысқарып, Сенатқа ауысады. «Бұл түрлі этностық топтардың мүддесін ескере отырып жасалған шешім», – дейді Президент.

 

Қос палаталы парламент – әлемдік тәжірибе. Қазақстанда да осы тәжірибе қолданылып келеді. Бұдан бас тартпақ та емес. Әйтсе де, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат өкілеттігіне реформа қажет екенін айтты. Қазіргі таңда Мәжіліс мақұлдаған заңды Сенаттың қабылдамай қоюға құқығы бар. Мәжіліс жоғарғы палатаның қарсылығын еңсере алмайды. Яғни тепе-тең парламенттік жүйе қалыптаспай отыр. «Сондықтан да бұл тәжірибені қайта қараған жөн. Заң қабылдау құқығы Мәжіліске ғана беріп, Сенатқа Мәжіліс қабылдаған заңдарды тек мақұлдау немесе мақұлдамау құқығын беретін норма енгізген дұрыс деп санаймын», – деді Мемлекет басшысы.   

 

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттардың ықпалын күшейте отырып, облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет екенін жеткізді. Қазіргі таңда, маслихаттар Президент ұсынған бір кандитатураны мақұлдайды немесе қарсы болады. Бұл жерде таңдау құқығы шектеледі. Содықтан Мемлекет басшысы облыс және республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына кем дегенде екі кандидатураны ұсыну керектігін және мұны реттейтін заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет екенін айтты. Бұл – облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдері жанама сайлау арқылы қызметке келеді деген сөз. Сонымен қатар бұл маслихаттардың ролін күшейтері анық.

 

Сайлау жүйесіне өзгеріс қажет

 

Осыдан 15 жыл бұрын жасалған конституциялық реформа нәтижесінде Қазақстан Мәжіліс депутаттарын пропорционалды тәсілмен сайлауға көшті. Яғни депутаттар партиялық тізіммен сайланатын болды. Салдарынан партияда жоқ адамдар депута болып сайлану құқығынан айырылды. Бұл өз кезегінде халықтың сайлауға деген сенімін азайтты. Осыны ескерген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынды. Яғни, Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен сайланатын болады. Бұл тәсіл облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауына да енгізіледі. Бұл өз кезегінде, партиялардың Мәжіліс пен мәслихатқа өту шегін төмендетеді және жаңа көзқарастағы азаматтардың Мәжіліске келуіне мүмкіндік береді.

 

Сонымен қоса, Президент аудандар мен қалалардағы сайлауды толығымен мажоритарлық жүйеге көшіруді ұсынды. «Бұл жергілікті жерде бәсекелі саяси орта қалыптастырады және ел алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.   

 

Сайлау жүйесіне енгізілгелі отырған тағы бір жаңашылдық – императивті мандатқа көшу. Қарапайым сөзбен айтқанда, енді сайлау алдында берген уәдесін орындамаған депутатты кері қайтаруға болады. Бұл – халық қалаулыларының жауапкершілігін, сайлаушылардың сенімін арттырары сөзсіз.

 

Президент ұсынған тағы бір жаңашылдық – саяси бәсеке болуын қамтамасыз ету үшін партияларды институционалдық және ұйымдастырушылық жағынан дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау. Яғни, партияларды тіркеу ресімін жеңілдету. Мемлеке басшысының ұсынысына орай, тіркеу шегі 4 есеге – 20 мыңнан 5 мың адамға, өңірлердегі өкілдер саны 600-ден 200 адамға төмендетіледі. Партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең төменгі саны 1000-нан 700 адамға азаяды.

 

Сарапшылар не дейді?

 

Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы сайлау үдерісі арқылы жүзеге асады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында айтты. Президенттің сайлау жүйесіне қатысты ұсыныстарын саяси сарапшылар да қолдап отыр.

 

Сарапшылар Мемлекет басшысының сайлау жүйесіне қатысты ұсынысын оң үрдіс деп қабылдады. Десе де, қанша адам болса, сонша пікір болатыны рас. Сарапшылардың да сайлау жүйесіне қатысты пікірлері әр алуан.  Олардың пікірінше, мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйесінің қатар болғаны дұрыс. Десе де, кей сарапшылар депутаттық корпусының пропорционалдық және мажоритарлық тәсілмен жасақталуы 50 пайыздан екеуі тең болуы керек екенін алға тардады. Ал, базбір сарапшылар толықтай мажориталық жүйеге көшу керек деп санайды.

 

Қорыта айтқанда, жасалып жатқан саяси реформалардың бәрі де халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шаралар екені анық.

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста