Қолөнерді табыс көзіне айналдыратын уақыт жетті

Қолөнерді табыс көзіне айналдыратын уақыт жетті

Баянауыл ауданының тұрғыны Мақсұтбек Өмірбековтің қолынан шыққан бұйымдарға еліміздің басқа да аймақтарынан тапсырыс түсе бастаған. Әсіресе Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланғанда ұлттық нақыштағы көптеген бұйымдары сатылыпты. Шебер ат әбзелдерін, ер-тұрман, қамшы, батырлардың қалқаны мен дулығасын жасап, бөріктің түр-түрін тігеді. Көненің көзіне айналып бара жатқан ұлттық мәдени өнерімізді жас ұрпақтың санасына сіңіру – парыз. Қамшы халқымыздың түсінігінде мал айдасаң – құрал, аңға – қару, жауға шапсаң – рух беретін, қадыр-қасиеті жоғары бұйым ретінде орын алады. Тіпті әр шаңырақтың төрінде ілініп тұруы керек деген ұғым қалыптасқан. Мақсұтбек Өмірбеков, қолөнер шебері: - Сарыала қамшыға Баянауылдың өзінде сұраныс көп. Құдайға шүкір, еңбек етіп күн көруге де болады. Мына ертоқымдарды көрсетейін. Мынау құранды ер. Мынау ер баланыкі, мынау қыз баланыкі. Мынау жүгенім, мынау өріліп қойған қамшы. Мақсұтбек Өмірбеков қолөнерді әкесінен үйренген. Әрбір бұйымның ерекшелігіне жіті мән беретін ол ұлттық өнер адамның ой-санасын ізгілікке жетелейді деп сенеді. Бұл – атадан балаға мирас болған құндылық. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, Мақсұтбек Өмірбеков қолөнер, ұсталықпен қатар саятшылықты жанына серік еткен. Табалдырығынан тазы арылмаған. Оның бүркітшілерге арналған бұйымдары бір төбе. Ал Нұрлыбек Молдабеков Баянауылдың сұлу табиғаты мен ертегіге тән жартастарының суретін табыс көзіне айналдырыпты. Ол жаз мезгілінде туристерге арнап шағын кәдесыйлар жасайды. Қарапайым сыйлықтарды демалушылар естелік үшін алады. Нұрлыбек Молдабеков, Баянауыл ауданының тұрғыны: - Біреуі – «Данатас», екіншісі – «Махаббат аралы». Туристерге ұнайды, сол мақсатта жасалған бұйымдар. Ұлттық нақыштағы бұйымдарға сұраныс қашан да жоғары. Қолданбалы өнерді жаңғыртып жатқан шеберлер ел ішінде жетерлік. Бүгінде қолөнердің кәсіп көзіне айналғаны қуантады.
Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Арман Якубов, Алексей Омельницкий

 24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/106187-atyn-ua-yt-zhetti

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста