Қазығұртта лимон өсіріле бастады

Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылының тұрғыны Оспанәлі Таңсықбаев былтырдан бері көлемі 0,57 гектар болатын жылыжайға лимон көшеттерін отырғызып, баптап келеді.

«Тез жерсінген цитрустық көшеттер алғашқы нышанын көрсетіп, өткен жылы мол өнім берді. Егістікке отырғызылған 640 түп көшеттің әрбірінен шаруа 17-18 келі төңірегінде өнім жинады. Нәтижесінде, 11 тонна лимон ішкі нарыққа шығарылып, шаруаның тұрмыс жағдайы жақсарды», -делінген

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Әкімдіктен хабарлап отырғандай, кәсібінен нәсіп тапқан шаруа биыл жылыжайының көлемін 6 сотыққа ұлғайтып, лимон өнімін жылдағыдан көп алуды жоспарлап отыр.

Айта кеткен жөн, цитрустық өнімді өсірумен айналысатын О.Таңсықбаев сынды шаруа ауданда, әзірге, жалғыз болып тұр.
Жалпы, Қазығұрт ауданында жылыжай көлемі 82,8 гектар алқапты құрайды.

Оның 40 пайызына, яғни, 32,31 гектарға қияр егілсе, 50 пайызында (41,1 гектар) қызанақ өсіріледі. Ал аудандағы жылыжайдың 8,22 гектарында (10 пайыз) болгар бұрышы өсірілуде.

2016 жылдың 5 айында Қазығұрттағы жылыжайлар көлемі артып, жаңадан 3,5 гектар жылыжай салынды. Жыл соңына дейін оның көлемін тағы 3,5 гектарға ұлғайту жоспарлануда.

www.inform.kz/kaz/article/2917010 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста