Қазақы жиһаз - ұлттық құндылықты дәріптеудің бір жолы

Қазақы жиһаз - ұлттық құндылықты дәріптеудің бір жолы

Елбасы бизнесті дамыту мақсатында қолға алған "Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму" бағдарламасы талай қанатқақты жобаларға қолдау көрсетіп келеді. Бағдарлама бірнеше жобалар мен қаржылай қолдау ұйымдарынан құралған.
Солардың бірі «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлердегі шағын кәсіпкерліктің өркен жаюына ат салысып келеді. Мәселен қор биыл тұсауы кесілген Бәйдібек ауданындағы "Қағанат" кәсіпорнына қолдау білдірген. Кәсіпорын ұлттық сипаттағы жиһаз бен ыдыс-аяқ шығарады. Мақсаттары – ұлттық құндылықты дәріптеу. Әзірге олар асадал, астау, кебеже ғана шығарады екен. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, ою-өрнекпен көмкерілген басқа да жиһаз түрлерін халықа ұсынбақ. Ең бастысы, жиһаздар өте сапалы. Серіктестік төрағасы Дәуіржан Абдумажит өз өнімдерінің нарыққа шығуына жағдай жасаған облыстағы кәсіпкерлер палатасына алғыс білдірді. ҮИИД бағдарламасының қаржыландыру көзі болып табылатын «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығы Отырар ауданында құрылған «Гүлмайра» шаруа қожалығына жеңілдетілген несие беріпті. Соның арқасында қожалық өз істерін дөңгелетіп, қазір тек Оңтүстік Қазақстан облысын ғана емес, көршілес Жамбыл және Қызылорда облыстарын шұбатпен қамтамасыз етіп отыр. Өнімді таратуда проблема жоқ. Себебі, «Гүлмайра» шұбат сапасына ерекше мән береді. Кішігірім дүкеннен бастап ірі сауда орталықтарына дейін шұбатты «Гүлмайрадан» арнайы алдыртады. Тұрақты тапсырыс болғасын олар күніне 700 литр шұбат өндіреді. Қазір 16 адамды жұмыспен қамтып отыр. Халық та, сауда орындары да, «Гүлмайра» шаруа қожылығы да дән риза.

rgmedia.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста