Келісім комиссиясының қызметін түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Елімізде еңбек дауының әділ шешілуінің жолдары жан-жақты қарастырылған. Еңбек дауы – қызметкер мен жұмыс берушінің арасында еңбек заңнамасын қолдану бойынша келіспеушілік, еңбек шартының талаптарын орындау бойынша қызметкер мен жұмыс беруші арасында реттелмеген даулар.  Сондықтан, еңбек кодексінде  еңбек дауын міндетті түрде келісім комиссиясында қарау көзделген. Еңбек заңнамасы кәсіподақтар өкілдерінің қатысуымен келісу комиссиясының жеке дауды қарауы мен шешуін қарастырады. Сонымен қатар, еңбек дауын соттан тыс және сотқа дейін реттеу тәртібімен келіспеушіліктерді еңбек ұжымдарының бітімгершілік комиссиясында қарау міндетті кезеңге айналған. Келісім комиссиясы ұйымдарда жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында туындайтын жеке еңбек дауларын шешу үшін міндетті сотқа дейінгі орган.

Жалпы, келiсiм комиссиясы ұйымда, оның филиалдары мен өкiлдiктерiнде тепе-тең негiзде жұмыс берушi мен қызметкерлердің өкiлдерiнен құрылып, тұрақты жұмыс iстеуі керек. Кәсіподақ ұйымы келісім комиссиясының мүшелерін жыл сайын еңбек негіздеріне оқытудан өткізіп тұрады. Мекемелерде келісім комиссиясын құрудағы басты мақсат еңбек дауын сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу мәселелері және сот тәжірибесі туралы заңнаманың жекелеген ережелерін сақтауды көздеу. Ереже бойынша, келісім комиссиясының құрамына басшы немесе оның орынбасары, заңгер, кадр бөлімінің қызметкері кіреді. Ал, көптеген тәжірибенің көрсетуі бойынша, келісім комиссиясының құрамына бірінші басшыларды енгізуді дұрыс нәтиже бермейді. Өйткені еңбек дауында келісім комиссиясының басқа да мүшелерінің пікірі басшылықтың беделімен ығыстырылуы мүмкін. Келісім комиссиясының құрамына заңгерді енгізу мәселені еңбек заңнамасының ережелеріне сәйкес қарауға көмектеседі. Сондықтан заңгердің кәсіби біліктілігін дамытып отыруы өте маңызды. Еңбек дауларында келіссөздер жүргізу, тыңдай білу, әділдікті сақтау,  қалыптасып отырған күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын таба білу басты қағида. Келісім комиссиясы құрамына кіретін қызметкерлердің өкілдері сайланбалы негізде шешіледі. Олар қызметкерлердің жалпы жиналысында сайланады. Келісім комиссиясының мүшелерін іріктеу туралы акт жалпы жиналыстың хаттамасы болып есептеледі. Егер сол мекемеде кәсіподақ ұйымының мүшелері болса, олар жұмысшылар тарапының өкілі ретінде әрекет ете алады.

Осы ретте айта кету керек, кәсіподақтардың негізгі міндеті – жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Кәсіподақ қоғамы еңбек жанжалдарының алдын алуға барынша көңіл бөлуі керек. Осылайша, кәсіподақтар келісім комиссиясының дауды нақты шешуі, бітімгершілікке жетуі, жанжалды шешу жолдарын табуы үшін кәсіпорын деңгейінде жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында диалог жүргізуі керек, сонымен қатар кәсіби медиаторлар да тартылуы керек. Ол жердегі медиацияның басты мақсаты – дауды екі тараптың да талабын ескере отырып, тиімді шешу арқылы тараптар арасындағы жанжалдың ушығуына жол бермеу.

Бұның бәрін тәпіштеп айтып отырған себебіміз, кәсіподақ мүшелері еліміздің әр өңіріндегі еңбек ұжымдарында келісім комиссияларының рөлі ме маңыздылығы жөнінде және қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағымен атқарылатын жұмыстар туралы түсіндіру, ақпарат беру жұмыстарын жүргізіп арнайы семинарлар өткізуде.

Осындай маңызды семинар наурыз айының соңғы онкүндігінде Түркістан қаласында өтті. Семинар негізінен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері мен төрағаларына және келісім комиссияларының мүшелеріне арналды. Жиынды салалық кәсіподақ төрайымы Айгүл Мұқашева сөз сөйлеп ашты. Ол ең алдымен келісім комиссиясының атқаратын қызметі, рөлі, және маңыздылығы жөнінде әңгімелей келіп, қазақстандағы білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының атқаратын жұмыстар туралы баяндады.

Келесі кезекте салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева сөз алды. Ол семинарға қатысушыларға жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісім комиссиясының жұмысын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек дауларында келіссөз жүргізуге дағдылану, екі тараптың мүддесін ескере отырып ортақ пәтуаға келу кәсіподақтардың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Келісім комиссиясы қызметінің өзектілігін жан-жақты сараптап берді.

Ал, сөз кезегі «Қазақстандағы салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдуллаға келгенде, ол келісім комиссиясы мүшелері еңбек заңнамасын қолданып, дау-жанжал кезінде келіссөздер жүргізу арқылы консенсусқа қол жеткізу тәжірибесін жетілдіру үшін жыл сайын арнайы оқытудан өтуге міндетті екеніне тоқталды.

Семинарға қатысушылар өздерін тоғандырған мәселелер бойынша әртүрлі сұрақтарын қойып, оған жан-жақты әрі нақты жауап алып, білімдерін толықтырды. Сонымен қатар, жиын соңында қатысушыларға арнайы оқудан өткендігін білдіретін сертификат берілді. Сөз кезігінде ұстаздар осындай пайдалы дәріс өткізушілерге өз алғыстарын білдірді.

Осы тақырыптағы тегін семинарларды Түркістан облысының барлық аудандарындағы білім беру ұйымдарының келісім комиссиясы мүшелеріне өткізіп шығу көзделіп отыр. 25 наурыз күні Кентау қаласында да өткізілді.

Елімізде ағарту жұмыстары жиі жүргізіліп тұрғанда ғана, еңбек дауларының алдын алуға болады. Өйткені бұндай семинарлар азаматтардың заңдық тұрғыдағы сауатын арттырып, өз құқықтықтарын қорғай білуге негіз болады.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста