Ғылымға жасалған қамқорлық – жарқын болашақтың іргетасы

Ғылымға жасалған қамқорлық – жарқын болашақтың іргетасы

Ғылым адамзаттың техникалық қуатын нығайтып, инновациялық экономиканың қажеттіліктеріне және күнделікті өміріне қызмет ететін құралға айналды.  Соған қармастан барлық уақытта ғылымды бағалап, оның үздіксіз дамуына жеткілікті жағдай жасалып отырды деп айта алмаймыз.  Ғылымдағы жағдай әсіресе тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өте қиын болды. Кеңес үкіметінің тұсында жасалған жағдайдың бәрі тоқтап, ғылым-білімнің тоқырау кезеңі басталды. Ол кезеңдегі қиындық ғылым-білім саласында ғана емес, барлық салада болды. Өз алдына дербес мемлекет болған елдердің барлығы дағдарысқа ұшырады.  Бұрынғы жүйенің тас-талқаны шығып, бәрін жаңадан бастауға тура келді. Өйткені бұрынғы жүйе мүлдем ескірген еді. Ғалымдар тұрмыс-тіршіліктің жайын күйттеп, басқа салаларға ауыса бастады, тіпті кейбір мықтылары шекара асып, өзге елден нәпәқа іздеп кетті. Әрине мемлекетімізде  ғылымды жетілдіру үшін әртүрілі қадамдар, бағдарламалар жасалып жатты.  Бұның бәрі бірден жақсы нәтиже көрсетіп ғылымға тың серпін бермесе де, жағдайды біртіндеп оңалтуға өз септігін тигізді. 1999 жылдан бастап Қазақстанның жоғары оқу орындары мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жоғары оқу орындарының студенттер құрамын қалыптастырудың жаңа үлгісіне көшті. Педагогикалық ұжымның сапалық құрамы өзгерді. Болон үдерісіне қатысу отандық білім беру сапасын еуропалық стандарттарға сәйкестендіруге мүмкіндік берді. Сыртқы сапаны қамтамасыз ету жүйесі аккредиттеу механизмі арқылы жүзеге асырылады.

Кейінгі жылдары еліміздегі жоғары оқу орындарында шетелдік жоғары оқу орындарымен қос дипломдық бірлескен бағдарламалар белсенді түрде енгізіле бастады.  Бұл қадам халықаралық стандарттарды енгізу арқылы білім сапасын арттыруға жаңаша серпін бергені анық. Әлемдік ғылымды игеру жолында ағылшын тіліндегі бағдарламалар саны көбейді, шетелдік студенттер саны артып келеді. Сонымен қатар, ғылымды реттейтін нормативтік құқықтық база күшейтілді. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы жүзеге асырылғалы бері осы жүйенің негізгі құрылымдарының жұмысы құрылды, ғылымды басқарудың жаңа моделі және ғылымды қаржыландырудың жаңа тетіктері жұмыс істейді. Олардың негізгі нысаны базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру екенін айта кеткен жөн. Қазақстандық ғалымдардың халықаралық рейтингтік басылымдарға мақала жариялау белсенділігінің айтарлықтай артуы байқалады. Кейінгі жылдардағы Scopus деректер базасындағы жарияланымдардың жалпы саны өткен жылдармен салыстырғанда әлденеше артқан.

Қазір елімізде адам ресурстарын даярлаудың сапасын арттыруға, тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған білім берудің ұлттық моделі қалыптасты деп айтуға толық негіз бар.

Мәселе көп жағдайда ғалымдарды қаржылық жағынан демеуге келіп тірелетіні айтпасада белгілі. Сондықтан қазір ғалымдарға лайықты жалақы төлеу қолға алына бастады. Үздік ғылыми қызметкерлер анықталып, мемлекеттік ғылыми стипендиялар жыл сайын беріліп келеді. Жас ғалымдарға қолдау көрсету жылдан-жылға артуда.  Мысалы, биыл 75 ғалым мемлекеттік ғылыми стипендиямен марапатталды. Оның елуі 35 жасқа дейінгі ізденімпаз жас ғалымдар, қалғаны жетекші ғалымдар.

Алдымыздағы оқу жылынан бастап Президенттің тапсырмасына орай  ЖОО студенттерінің шәкіртақысы жиырма пайызға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы он бес пайызға өсірілмек.

Жақында ғана Мемлекет басшысы «ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлық отандық ғылымға үлкен қозғалыс, жаңа леп әкелері сөзсіз. Әлемнің даму қарқынына қарасақ ғылым-білім саласы адам айтса нанғысыз жылдамдықпен дамып жатыр. Бәсекелестік жыл санап күшейіп келеді. Енді тың реформа жүргізіп, ғылымға жеткілікті көңіл бөлінбесе, жарқын болашақты елестеудің өзі қорқынышты екеніне көзіміз анық жетіп отыр. Осындай сынаққа толы сәтте болашқтың керегесін керіп, уығын нықтау үшін ғылымнан басқа ешнәрсе жәрдем бермесі белгілі. Ел Президенті әлемдегі ахуалды өте терең түсінгедіктен осындай іргелі істерді қолға алды.

Замана желі қай жақтан соғары беймәлім тұста ел үшін жасалып жатқан қадамдардың басты ұстанымы елдің шаңырағын шайқап, керегесін қисайтып алмау, көш соңында қалып қоймау. Осы тұрғыда әзірленген және жүзеге асырылған орасан зор мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялардың арқасында еліміз ғылымды қажет ететін ең жаңа технологияларды игере бастады. Бұл үшін жеткілікті деңгейде қаржылық, ақпараттық, өндірістік, зияткерлік құралдармен қамтамасыз ету қолға алынды.

Биыл «Болашақ» бағдарламасына бес жүз елуден астам стипендия бөлінді. Осы стипендиямен жастарымыз  магистратура, резидентура,  докторантура бойынша  білім жетілдіреді. Бағдарлама стипендиясына үміткерлер биылғы қыпкүйек айына дейін құжат тапсыра алады.

Бұл білім-ғылымға жасалып жатқан жағдайдың бір көрінісі ғана. Бұндай іс-шаралады тізбелей берсек тым ұзаққа кетеміз. Ел Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы ғалымдардың алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Орасан зор мүмкіндігі бар стратегиялық жоспарлау және мемлекет тарапынан тұрақты қаржы құю ғылым мен білімнің болашағын кемелдендіре түсері даусыз.

 

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста