Ғалымдар тұмауға қарсы дәрілік тұнба жасады

Еліміздің экономикалық инновациялық әлеуетін арттыру ғылыми-инновациялық жүйе құру арқылы ғана іске астыны белгілі. Мемлекет тарапынан осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға көп көңілі бөлініп жатқаны да сондықтан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауларында ғылымды дамытуға басымдық беру өте маңызды екенін үнемі айтып келеді. Ғылым және жоғары білім министрілігі де ғылымды дамытудың түрлі жопарларын жасап, ауқымды істер атқаруда. Елімізде ғалымдардың ізденуіне барлық жағдай жасалып, олардың ғылыми  жаңалықтарына қолдау білдіру алдынғы орынға қойылған.

Ғалымдарымыз үздік инновациялық жобаларды,  атап айтсақ наноматериалдар, дәрі-дәрмектер мен энергетика, жасанды интеллект, микробалдырлар өндірісі, ауыл шаруашылығы, химия және тамақ өнеркәсібі, сонымен қатар экологиялық бағыттағы жобаларды іске асыру жолында көптеген ірі жұмыстарды жасауда. Елімізде инновациялық, салалық, халықаралық кешенді ғылыми-техникалық жобалар мен іргелі және қолданбалы бағдарламалар, ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша келісім­шарт жұмыстары аясында зерттеулер жасалады.

Әлемде коронавирус індеті күшейіп, барлық мемлекеттер өз қамын күйттеп шекараларын қымтап алған кезде отандық ғалымдарымыз вакцина жасап қауіпті дертті тоқтатуға өлшеусіз үлес қосты. Сонымен қатар халқымыздың денсаулығын күшейтіп, иммунитетін көтеруге бағытталған биологиялық белсенді қоспалар, тұнбалар әзірлеп тынымсыз жұмыс істеді. Мәселен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанында «Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығы» жұмыс істейді.  Ғылыми-зерттеу орталығы 2019 жылы ашылған, ал  2022 жылы күзде орталықта өсімдік шикізатарын дайындап инновациялық өнім шығару үшін шағын өндіріс пайдалануға беріліпті. Орталық директоры Жанар Жеңіс бастаған мамандар бұл салада өнімді еңбек етіп келеді. Наноматериалдар негізіндегі дәрі-дәрмектерді өндіруде олардың тәжірибесі мол. Ғалымдар пандемия кезінде тұмау мен коронавирустан емделуге көмектесетін дәрілік және қоректік шөп қоспаларынан тұратын жаңа тұнбалар әзірледі. Ол тұнбалар елімізде өсетін жалбыз, қалампыр, түймедақ, мия сияқты дәрілік шөптердің қосындысынан дайындалған. Ғалымдардың айтуына қарағанда біздің жерімізде антивирустық қасиеті бар өсімдіктер көптеп өседі екен. Бір өсімдікті зерттеп, емдік қасиетін анықтау үшін бірнеше жыл кетеді дейді ғалымдар. Табиғи қоспа шикізат негізінде жаңа фармацевтикалық өнімдерді өндіруге негіз болып, тұмауға және вирустық инфекцияларға қарсы биоактивті композиция алуға мүмкіндік береді. Ал осы бағыттағы өндіріс көлемін ұлғайтар болсақ елімізге импортталатын дәрілік заттардың санын азайтуға болады. Жобаны медицинаға одан әрі енгізу арқылы дәрілік заттарды өндіруге қажетті жаңа биологиялық белсенді табиғи компоненттерді анықтауға мүмкіндік береді. Ғалымдар бастапқыда жеуге жарамды, емдік қасиеті бар жемістерді зерттеген. Сондықтан арнайы дайындалған тұнбаларды науқастар еш қорқынышсыз қолданған. Тіпті балалардың пайдалануына да болады. Тұнбаның емдік қасиетіне көз жеткізген жандардан сұраныс көптеп түсе бастағандықтан, емдік шөптерден жөтел мен демікпеге қарсы қолдануға болатын тағыда бір жаңа рецепт дайындап шығарған.

Ғалымның айтуына қарағанда бұрын өсімдіктерді зерттеу үшін кептіріп, уақтап шетелдік зертханаларға тасымалдаған. Өйткені ол кезде өсімдік сығындысын өзімізде алу мүмкін болмаған.  Ал қазір ғылымды қолдауға бөлінген гранттар мен университеттің қолдауы арқасында роторлы буландырғыш пен шөп сығындысы үшін арнайы ыдыстар алып ертінділерді өздері дайындай бастаған. Әлемді дүрбелеңге салған пандемия кезінде шетелге шығу мүмкін болмағандықтан дәрілік өсімдіктерді зерттеу орталығындағы жобаларға бөлінген гранттар есебінен сорбенттер, колонна хроматографиясы, түрлі еріткіштер сатып алынған. Осылайша, қазір орталықта өсімдіктерді өңдеу және олардың құрамын анықтау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.  

Бұл жобаға да Ғылым және жоғары білім министрлігі мен университет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отыр. Орталықтағы өндірістің ашылу салтанатында министр Саясат Нұрбек Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының ғылымды дамытуға зор көңіл бөліп отырғанын атап өтіп, министрлік тарапынан орталықты қолдауға байланысты іс-шаралар жалғасын таба беретініне тоқталды. Сонымен қатар осы орталықта дайындалған өнімдер еліміздің дәріханаларында сатылымға шығарылатынын жеткізді. Бұл өнімдер халықтың денсаулығын жақсартуға мол пайдасын тигізетіні ақиқат. Сондай-ақ отандық өнімнің бағасы арзан, әрі денсаулыққа кері әсері аз, пайдасы көп болатыны белгілі.

Тарихқа көз жүгіртсек дәрілік шөптермен емделу қазақ халқында бұрыннан қалыптасқан. Ерте дәуірде ел ішінде науқастарды шөп-дәрілермен емдейтін емшілер көп болған. Қазірге кезеде ондай емшілер өте аз. Дегемен халық жадында қандай шөптердің қандай ауруға ем екені жөніндегі деректер молынан сақталған. Енді ұлттың осындай құнды қазынасын, табиғи байлығын ғылыми түрде дәлелдеп, заманауи дәрі-дәрмек жасалып жатқаны көңіл қуантады. Бір ғана мысал жусанның қадір қасиетін қазақ халқы ертеден білген. Ал ғалым Жанар Жеңіс орталықта жусан жан-жақты зерттеліп жатқанын айтады. Ғалымның айтуына қараған біздің елімізде жусанның 80-нен астам түрі өседі екен. Ал Қазақстандағы жусанмен шет елде өстін жусанның 60-70 пайыз ұқсастығы, 20-30 пайыздай айырмашылығы да бар екен.  

Мемлекет тарапынан қолдау осылай жалғасып отырса отандық ғалымдарымыздың жүйелі жұмыстарының арқасында әлі талай жаңалықтар ашылып, ғылыми тұрғыда дәлелденетіні анық. Елімізде ғылым дамыған сайын, халықтың тұрмыс сапасы да жақсара түсері анық.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста