Еліміздің ең басты құндылығы - Тәуелсіздік!

Еліміздің ең басты құндылығы - Тәуелсіздік!

100 бүлдіршінге лайықталған балабақшаны салуға облыстық мәслихаттың депутаты Қанатхан Нүсіпов 1,5 жыл уақыт жұмсаған. Мұнда барлығы талапқа сай. Балалардың ойнайтын, тамақтанатын, жатын бөлмелері талапқа сай жабдықталған. Кәсіпкердің жеке қаржысына салынған тәрбие мекемесі 30-ға тарта адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ.

ҚАНАТХАН НҮСІПОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Ақ-сағым балабақшасына бүлдіршіндерін берген ата-аналар айына 25-30 мың төңірегінде ақы төлейді. Оның ішіне балалардың оқуы, шет тілдерін меңгеру, өнер үйірмелеріне қатысуы кіреді. Үшаралда 700-ден астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Тәуелсіздік тойындағы бұл тартуға аудан жұртшылығы дән риза.

ҒАЛИЯ ӘБИТАЛИПОВА ҮШАРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Тәуелсіздік мерекесіне орай аудан әкімдігі салтанатты жиын өткізді. Шарада баяндама жасаған аудан әкімі Әлібек Жақанбаев еліміздің өркендеп өсуіне аудан жұртшылығының қосып отырған үлесі зор екенін атап өтті. Еңбегімен еліне танылған азаматтарды мемлекеттік наградалармен және облыс, аудан әкімінің құрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен марапаттады. Бұл қатарда Елбасының жарлығымен "Құрмет" орденіне ие болған аудан әкімінің орынбасары Салтанат Дәулетханқызын ерекше атап өтуге болады.

САЛТАНАТ МЕҢЛІБАЕВА "ҚҰРМЕТ" ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

Еңбектің еленгені - егемендігіміздің арқасы. Біз тәуелсіз ел болмасақ, мынадай марапат түсімізге де кірмес еді дейді аудан тұрғандары. Салтанатты жиында ауылшаруашылығы, білім, денсаулық саласында табанды еңбек еткен 6 азамат ауданның Құрметті азаматы атағын иеленді.

ЛӘЗЗАТ НҰРҒАЗИНОВА АЛАКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

МЕЛІС ОМАРОВ АЛАКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Тәуелсіздік күніне арналған жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Патриоттық әндер шырқалып, елдің рухын көтеретін шығармалар көрермен назарына ұсынылды.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста