Ел анасы Бәтима Сақауова – 90 жаста

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алматы облысының Құрметті азаматы, дербес зейнеткер, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бәтима Есболатқызы Сақауованы 90 жасқа толған мерейлі күнімен арнайы барып құттықтады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі абыз анаға ізгі тілегін білдіріп, ықылас көрсетті.
- Өзіңіздей ақылы кемел, аузы дуалы елдің анасы арамызда аман жүргені – бізге үлкен мәртебе. Ел басқарып жүрген азаматтардың әрбір қадамынсырттан бақылап біліп отырасыз, тілектес боп, қажет кезінде жол көрсетіп, кеңес бересіз. Сіздің өміріңіз кейінгі жастарға үлгі-өнеге, оларойын да, бойын да сіздерге қарап түзеуі керек. Сондықтан ғибратты ғұмыр жолыңызды БАҚ-та жазып, көрсетуіміз қажет. Ел өзіңіздей қайраткер тұлғаларымен, халыққа адал қызмет көрсеткен ұл-қыздарымен еңселі. Жасыңыз жүзге жетсін, алдымызда ақылшы абыз анамыз болып аман жүріңіз, - деді А. Баталов.
Б. Сақауова - жастайынан ел ісіне араласып, Бәйкен Әшімовпен бірге Талдықорған облысын құруда білек түре еңбек еткен, ерлермен бірге атқа қонып, Жетісу өңірінің идеологиясының мығым болуына, әлеуметтік дамуына бар білімі мен күш-жігерін жұмсаған жан. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында Талдықорғанның тұралап қалған шағында елдің сабыр сақтап, бірлігінен ажырамауына, қиындықты қайыспай көтеріп шығуына жігер берген ақылман анасы да, данасы да болған осы Бәтима Сақауова сынды ел тұтқалары болатын. Қиындықта ғана емес, елдің бүгінгідей еңсесі тік, еңбегі еселі шақта да көптің тілеуін тілеп отырған Бәтима ана:
- Өздеріңдей ел азаматтары атқа мініп, ел ісіне араласқанда мен де үйде отырып тақымымды қысып отырамын. Осы жолдан таймай, елге қызмет етіңдер.Алла осы берген абыройынан айырмасын! Маған деген ақ пейілдеріңе разымын. Азаматтар аман болсын, ел аман болсын! – деп аналық ақ батасын берді.
Облыс әкімі А. Баталов Бәтима Есболатқызын «Көзі тірі шежіре, бүгінгі күннің батыры» десе, абыз ананың тәлімін көріп, тәжірибесін шыңдаған, алдыңғы толқын ардагерлердің бірі Күләш Түменбаева «Парасат патшайымы» атады.
Айта кетсек, Бәтима Сақауованы мемлекеттік басқару ісінде ұстаз санаған бірқатар азаматтарбүгін Жастарға қызмет көрсету орталығында жастармен кездесу өткізіп, облыстық «Жетісу» телеарнасынан естелік-пікірлерімен бөлісетін болады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста