Екібастұздан шұғыл ақпар. Шаһардағы орам ішілік жылу желілерінде құбыр жарылып, көпқабатты үйлер жылусыз қалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы жедел штаб өкілдері мәлімдеді. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Шұғыл әрекет еткен жылу берушілер ақауды дер кезінде анықтап үлгерді.
Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан жеті үйдің 5-де жылу тасымалдағыштар қалпына келтірілген. Қалған екеуінде жұмыс жалғасып жатыр.
Апатты жоюға Петропавлдан келген бригада атсалысты.
Базарбай Жаркенов, Екібастұз қалалық Жылу беру кәсіпорнының учаске басшысы:
- Біз шұғыл түрде алдын алып үлгердік. Құбырлардың қатуына жол берілмейді. Бір сағат ішінде қалған екі үйді жылуға қосамыз.