Екі қолынан айырылған Балғынбек. Скриншот Қазақстан - Ақтау арнасынан
Бұл туралы Қазақстан-Ақтау телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
11 жастағы Балғынбек Бақтияр осы бір қайғылы оқиғаны есіне алғысы келмейтінін айтып, ұзақ жылады. Ол тілшілерге сұхбат беруден қашып, көз жасына ерік берді.
Бұл оқиға 2015 жылдың 24 наурызында болған. Бір топ балалар ауылдағы трансформатрдың айналасында ойнап жүрген. Трансформатрдың қоршауы тым аласа орналасқандықтан, ойын балалары еш алаңсыз қауіпті аймаққа кіріп кетеді.
Кенет токқа түскен Балғынбек қатты шыңғырып жібереді. Балалар оның екі жағынан сүйреп алып келген. Кейін қатты тырысып, жарамсыз болып қалған Балғынбектің қолын дәрігерлер кесіп тастайды. Өйткені, Ақтауға арнайы шақырылған астаналық дәрігерлер баланың қолын кеспесе болмайтынын айтады.
Осылайша, Балғынбек екі қолынан айырылды. Балғынбекке ота жасап, қолын кесер кезде оның анасы қасында болмаған. Себебі, балалары тым кішкентай болғандықтан, ол облыс орталығына бара алмапты.
Бүгінде Балғынбектің ата-анасы оның қазіргі жағдайына бой үйрете бастады. Бірақ өсіп келе жатқан ер бала бәрінен бұрын дәретке шыққанда ауырсынады. Ата-анасы үйде жоқта қарындастарының дәретке апарғаны Балғынбектің жанына қатты батады.
11 жасар Балғынбектің атын атасы айтыскер ақын Балғынбек Имашевтің құрметіне қойған. Бүгінде ата-анасы ұлының қолына протез салуға көмектесетін қайырымды жандардан ерекше үміт күтіп отыр.
Көмек қолын созам деушілер болса, төмендегі карточкаға қаржы аударуға болады.
Серікбаев Балғазы
Халық банктағы карточкасы: 4402 5735 6934 8990
ИИН 840607302516
Nur.kz