Алматыда төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары талқыланды

Алматы қаласы аумағындағы таулардың әсемдігінен бөлек қауіптілігі де жоғары. Әр маусымның өзіндік қызығы мен тамашасы болады. Соған орай Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары қалаға жақын мандағы таулардың табиғатын тамашалап, демалуға жиі шығады. Өкінішке қарай көпшілігі алдымен қауіпсіздік шараларын ескеруді ұмытып кетеді. Таулы өңірде су тасқыны, сел жүруі, қар көшкіні, боран мен дауылды күндері шіріген ағаштардың құлауы, тұман түсіп адасып кету қауіпі, ұзақ уақыт жауын жауған күндері лай көшкіні, күн қатты ыстықта тау беткейіндегі ағаштардың өртенуі сияқты көптеген табиғи қауіп-қатер болуы әбден мүмкін. Сондықтан тауға шығып демалғысы келген азаматтар алдымен ауа райының қалай болатынына және төтенше жағдайлар мекемелері таратқан мәліметтерге зер салғаны абзал. Ауа райының құбылып тұруына байланысты мамандары қала маңындағы тау бөктерлерін тұрақты түрде әуеден қадағалап тұрады. Қауіп қатер байқалған жағдайда мамандар тұрғындарға таулы аймақта демалу жоспарын кейінге шегеруге кеңес беріп, баспасөз құралдары, ұялы байланыс құралдары және әлеуметтік желідегі арналар арқылы хабарлама таратады. Ал байланыс аясынан тыс жерде болып мәлімет алуға мүкіндігі жоқ болған адамдар биік шындарға, қауіпті жерлерге бармауға өздері шешім қабылдағаны жөн. Жазатайым қауіпті жағдайда қалатын болса, құтқарушылар да дер кезінде көмек көрсете алмауы мүмкін. 

«Апат айтып келмейді» демекші Төтенше жағдайлар министрілігіне қарасты мекемелердің жұмысы жылдың қай мезгілінде болсын өте қарбалас. Әр маусынның өзіндік ерекшелегіне байланысты болатын қауіп-қатердің алдын алу шаралары да жиі өткізіліп тұрады.  Аптап ыстық жер әлемнің апшысын қуырып тұрған шіліңгір шілдеде  Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Юрий Викторович Ильин Алматы қаласына ат басын бұрды. Арнайы іс-сапар барысында министр аяқ асты болатын табиғат өрті, қар көшікіні немесе лай көшкіні жүру қауіптілігі және су тасқыны болған жағдайда қатердің бетін қайтарып және оны жоюға байланысты атқарылып жатқан істер жөнінде кеңес өткізді. Жиын барысында арнайы күштер мен техникалық құралдардың дайындығын сараптап, таулы өңірдегі туристік маршруттарды электронды түрде үйлестіруді іске қосуды ұсынды.

Алқалы жиында министр Алматы аймағы килиматының өзгешелігіне орай, табиғи апаттарға бейім екенін айтып, сонымен қатар Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдайлардың көрсеткішін барынша азайту керек деген тапсырмасына тоқталып өтті. Табиғи қауіп-қатерлердің алдын алып, оларды жоюға, бизнес қауымдастығы да көмек қолын созғаны жөн екенін де тілге тиек етті.   

Жиын барысында министр  Алматының биік таулы аймақтарындағы қар көшкініне қатысты жағдайларға да назар аударып, биыл болған апатты жағдайларды еске салды.

Биыл таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан, қар көшкіні салдарынан бір адам зардап шегіп, екі адам қаза тапты. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 10 наурызында «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына келуші шаңғы тебуге рұқсат етілген белгіленген соқпақтардан шығып кетіп, қар көшкінін туғызып, қар көшкіні оны қоршау бұрышына соққан. Соның салдарынан басынан жарақат алған. Бір қуаныштысы жарақаты жеңіл болып өміріне қауіп төнген жоқ. 

Сонымен қатар, 13 сәуірде Молодежный шыңында шетелдік 6 адам тау баурайын аралап жүріп, қар көшкіні жүруіне себеп болған.  Соның салдарынан екі франциялық  азамат қалың қардың астында қалды. Оларды құтқаруға 36 маман, тоғыз техника, бір тікұшақ, бір дрон жұмылдырылған. Апаттан құтқару жұмыстарының нәтижесінде қар көшкіні астынан бір адам аман-есен шығарылып, өкінішке орай, екіншісінің жансыз денесі ғана табылған.

«Біз заңнамаға белгілі бір бағытқа шығатын туристік топтардың барлығын үйлестіруге және Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлауға міндеттейтін өзгерістерге бастама жасағымыз келеді. Туризм саласын ілгерілету жөніндегі фронт-офис жасақтауды негізге ала отырып, туристік топтар қалай жүретінін қадағалау үшін РЖҚЖ мен туристік бағыттарды тіркеп отыратын электронды нұсқаны іске қосуды жеделдету керек», – деді Юрий Викторович.

Осы уақытқа дейін жасалып жатқан жұмыстардың ретіне де тоқталып өткен артық болмас. Нақты айтсақ 2020-2022 жылдар аралығында  Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қалалық құтқару қызметінің бөлімшелері мен еріктілер таулы аймақтарда 72 іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізген. Соның арқасында 90 адам өміріне төнген қауіптен құтқарылыпты, оның ішінде 13-і бала. Сонымен қатар қала әкімдігі өткен жылдың қараша айында таулы аймақтың шалғай аудандарында туристерге арнап күту орындарын және ішінде дәрі-дәрмек, ұялы құрылғыны зарядтау станциясы, жылы көрпе және тез бұзылмайтын азық-түлік жинағы бар жедел жәрдем қобдишасын жасақтаған. Алматы қаласы Құтқару жұмыстары қызметінің «109» пультіне SOS спутниктік сигналын беру үшін дүрбелең түймелері де орнатылған.

Алқалы кеңесте Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы еңбекақыны көтеру, азаматтық қорғау мекемесі қызметкерлерін әлеуметтік жағынан және құқықтық жағынан қорғауды күшейту жайына да айрықша көңіл бөлінетінін жеткізді.

Сөз кезегінде Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ерлан Әлібеков биылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы жөнінде баяндама жасады. Баяндамада алып шаһардағы төтенше жағдайлар санының 14 пайызға, зардап шеккендер санының 12 пайызға азайғанын атап өтті. Сонымен қатар, өрт сөндіру қызметі 1183 дабылды шақыртуды қабылдап, жіті қимылдың арқасында апатты аймақтан 218 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 120 адамның өмірін ажалдан сақтап қалғаны жөнінде айтылды.

Сөз кезегі тигенде Республикалық жедел-құтқару жасағы мен өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшылығы да биылғы жарты жылдық бойынша атқарылған жұмыстары жайында мәлімдеді.

Алқалы жиынның соңында министр Юрий Викторович төтенше жағдайдың алдын алып, қауіпті жоюға арналған жұмыстарды ары қарай да барынша тиімділікпен жалғастыру керек екеніне тоқталып, министрлік басшылығы өз кезегінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қажетті барлық жағдайды жасайтын мәлімдеді.

Сапар барысында Төтенше жағдайлар министрі мегаполис әкімі Ерболат Досаевпен бірге қала маңын тікұшақпен бақылау жұмыстарына қатысты. Бақылап, тексеру барысында күннің күрт ысып кетуінен биік шыңдардағы мұздықтардың еруі, мұздақ көлдердің және өзендер бассейндеріндегі су деңгейі, топырақтың ылғалдылығы, жауын-шашынның қарқындылығы, сел жүру қауіпі сияқты көптеген мәселелерге сараптама жасалды. Селден қорғау және басқа да қауіп қатердің алдын алу үшін жасалып жатқан жұмыстардың барсымен танысты.

Төтенше жағдайлар министрілігі мен қала әкімдігінің жүйелі түрде атқарып жатқан жұмыстарының арқасында әсем қала Алматы мен оның тұрғындарына төнген талай қауіп қатердің беті қайтарылып жатқаны анық. Кәсіби жұмыстарын адал атқаратын мамандар барда қауіп қатерге аландауға еш негіз жоқ деуге болады. Бірақта адамдардың қауіпсіздігіне бағытталған ең басты шара көп жағдайда азаматтардың өзіне де қатысты екенін ерекеше атап өткен жөн.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста