Жол жүру ережесін бұзғандарға айыппұл көбейтіледі

Енді көліктің терезесі мен люгінен шыққандар жазаға тартылады. Елімізде жылдамдықты асырып, жол ережелерін өрескел бұзған жүргізушілерге жаңа айыппұлдар енгізіледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Әділет министрлігі әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындады.

 

592-бапқа өзгеріс енгізіледі. Белгіленген мөлшерден жылдамдықты сағатына 40-тан 80 шақырымға дейін арттырса, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 69 мың теңге айыппұл төлейді. Ал жылдамдық белгіленген мөлшерден сағатына 80 немесе одан да асса, онда 138 мың теңге айыппұл салынады. Жүргізуші бір жыл ішінде ережені екінші рет бұзса, айыппұл көлемі 207 мың теңге болады.

 

Сондай-ақ, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғандарға, яғни жүріп келе жатқан көліктің есігін ашқандарға, терезесі мен люгінен шыққандарға да жаза қолданылады деген жаңа тармақ енгізілді. Бұл үшін 34 мың 500 теңге айыппұл қарастырылған. Сонымен қоса, көлікті жаяу жүргіншілер жолына қалдыру немесе жүру, қарсы бағытқа шығу бойынша айыппұл көлемі 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 103 мың теңгедей болмақ. Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген заң жобасы 13 наурызға дейін қоғам талқысына шығарылды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста