Жол ережесін өрескел бұзған алматылыққа жарты миллион теңге айыппұл салынды
Алматыда көлікті қауіпті жүргізген 22 жастағы жігітке жарты миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап жазды.
Жол ережесін өрескел бұзу дерегін полиция әлеуметтік желіні бақылау барысында анықтады.
"Біздің бөлімнің қызметкерлері тексеру жүргізді. Нәтижесінде Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан BMW жүргізушісін анықтады.
Ол жол қозғалысы ережесін 29 рет өрескел бұзған. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 595-бабы 1-бөлігі бойынша ("Маневр жасау ережелерін бұзу"), Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 606-бабы 1-бөлігі бойынша ("Апаттық жағдай туғызу") 2 хаттама, жалпы 27 хаттама толтырылды. Жүргізушіге 534 750 мың теңге айыппұл салынды", - деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ержан Ұзақбаев.