Қазақстанда жол жүру ережесі жаңарды

Ережеде электросамокат туралы сөз қозғамапты. Күзге қарай «Жол жүру туралы» жаңа заң күшіне енгенде бұларды да қосатын шығар, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Құжат бойынша 21 шілдеден бастап полицейлер «сертификатталған арнайы құралдар мен аспаптардан жол жүру ережесін бұзған жүргізушіге танысу үшін материалдарды көрсетуі керек».

 

Бұдан бөлек ережеде жаңа жол белгілері пайда болады:

 

5.44. «Тұраққа тыйым салынған жер». Жол басталған және көлік қоюға болмайтын аймақ.

5.45 «Тұраққа тыйым салынған жердің бітуі».

5.46 «Жоғарғы жылдамдыққа тыйым салынған жер». Жол басталған және жоғарғы жылдамдықпен жүру шектелген аймақ.

5.47 «Жоғарғы жылдамдықпен жүру шектелген аймақтың бітуі».

5.48 «Жаяу жүргіншілер аумағы». Тек жаяу жүргіншілер жүретін аумақ (жаяу жүретін бөлік) басталатын жер.

5.49 «Жаяу жүргіншілер аумағының бітуі».

5.50 «Экологиялық класы төмен механикалық көлік құралдарын шектеу аймағы». Экологиялық класы төмен механикалық көлік құралы немесе тіркеу құжатында көлік құралының экологиялық класы көрсетілмеген машиналардың жүруіне тыйым салынады.

5.51 «Экологиялық класы төмен механикалық көлік құралдарын шектеу аймағының бітуі».

 

 

Сонымен қоса тақтайшалар:

 

7.22 «Көлік құралының түрі».

7.23 «Көлік құралынан басқа».

7.24 «Көлік құралының экологиялық класы».

7.25 «Электромобильдерді қуаттау».

5.50, 5.51 мен 7.24 Алматыны дамыту жобасында айтылған мәселелер. Осы тақтайшалардың көмегімен экологиялық класы сәйкес емес көліктерге қаланың кей аудандарына кіруге тыйым салынады.

 

21 шілдеден бастап сегізден көп жолаушы таситын автобус жүргізуге 25 жасқа толған, жүргізуші ретінде бес жыл жұмыс өтілі бар, D1 категориясын алғанына үш жыл толған адамдарға рұқсат береді.

 

Жаңа заң мәтінімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста