Оралда 10 күн ішінде 139 рет жылдамды асырған жүргізуші анықталды
Оралда 10 күн ішінде "Лада-Гранта" автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимін 139 рет бұзған, бұл - 4 млн.теңгеге жуық айыппұл, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізуші автокөліктің қазақстандық тіркеуі жоқ екенін пайдаланып, жол қозғалысы ережелерін сақтамай, қалада жылдамдықты барынша асырған. Ол көлігінің базалар бойынша есепке алмайды және жазадан оңтайлы құтылып кетемін деп ойлаған.
БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері облыс аумағында өткізілген "Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында құқық бұзушыны анықтап, ұстады.
"Белгілі болғандай, жүргізуші көлік құралын басқаруға құқығы болмаған, егер ол уақытында ұсталмаса, бұл азаматтың облыс аумағында қанша апат жасайтыны белгісіз. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, енді жүргізуші қомақты айыппұлды төлеуге мәжбүр" деп мәлімдеді БҚО полиция департаменті.