Атырауда мыңдаған жүргізуші негізсіз айыппұл арқалаған
Қала прокуратурасы тексеріс кезінде полицейлер заңды өрескел бұзғанын анықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
«Көлік жүргізушісінің жеке мәліметтері полицейлердің қолындағы мобильді планшет арқылы анықталғанына қарамастан, соңғы қаулыларда жеке тұлғаларды қолында куәлігі болмағаны үшін жауапқа тартқан. Бұл заңсыз, себебі қазақстандықтар жүргізуші куәлігі мен техпаспортсыз жүре алады» — деді қала прокуроры Руслан Айтымов.
Orda.kz таратқан ақпаратқа сүйенсек, Атырау тұрғындарының атына рәсімделген 1079 қаулы өз күшін жойған. Қаулы жазып берген полицейлер әкімшілік жауапқа тартылды.
2022 жылдың шілде айынан жүргізушілер көлік тізгіндегенде смартфон алса жеткілікті екенін естеріңізге саламыз. Бастысы интернет желісіне қосылса болды.