Айыппұл мөлшері
Мәлімет жаңартылған және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Есептерде 2 917 теңге (2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес) көлеміндегі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қолданылған.
Жеке басыңызға және автокөлігіңізге салынған айыппұлдар бар-жоғын тексеру
Қазақстандағы жиі бұзылатын жол ережелері
592-бап
Белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру
1. Көлік құралының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына оннан жиырма километрге дейін арттыру  5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына жиырмадан қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру  10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралының (КҚ) белгiленген жүру жылдамдығын сағатына 40 километрден астам шамаға арттыру &mdash 20 АЕК (58 340 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4.Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер  30 АЕК (87 510 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
591-бап
Көлiк құралын басқару кезiнде телефонды не радиостанцияны пайдалану
1. Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнің телефонды не радиостанцияны пайдалануы 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Көлiк құралын басқару кезiнде телефонды не радиостанцияны тыңдауышты немесе қатты дауысты байланысты қолдану арқылы пайдалануға рұқсат етiледi.
334-бап
Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану
1. Жеке тұлғалардың шығарындыларда ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалануы  ескерту жасау немесе 2 АЕК (5 834 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
2.Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер  5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
593-бап
Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау
1. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамау 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамау 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
596-бап
Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу
1. Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру 15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу 15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу  6 ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер 30 АЕК (87 510 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не ондай құқығы жоқ адам жасаған әрекет 50 АЕК (145 850 теңге). мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
597-бап
Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу
1. Осы баптың екiншi, үшiншi бөлiмдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлiк құралдарын көлік құралдарының аялдау немесе тоқтап тұру  5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе тоқтап тұру 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мүгедектердің көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру үшін бөлінген жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған, көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қойғаны үшін төлем төлеуден жалтару  3 АЕК (8 751 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-2.Осы баптың 4-1 бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5.Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5-1. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн, бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер  15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет &mdash 15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
594-бап
Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту
1. Көлік құралдарының көлденең бағыттағы жол жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту  ескерту немесе 3 АЕК (8 751 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол жүрісі қағидаларының жол қиылыстарынан өтудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау  15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 7 АЕК (20 419 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет 20 АЕК (58 340 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
595-бап
Маневр жасау қағидаларын бұзу
1. Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осындай маневр жасауға тыйым салынған жерлерде артқа жүру 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің 594-бабының екінші бөлігінде және 598-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қағидаларының жүрудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау  15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер &mdash 20 АЕК (58 340 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
599-бап
Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту
1. Осы Кодекстiң 607-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту &mdash 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет &mdash 15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
600-бап
Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу
1. Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау &mdash 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2.Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет &mdash 15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
601-бап
Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау &mdash 3 АЕК (8 751 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет &mdash 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
602-бап
Көлік құралдарының жүргізушілерімен сыртқы жарық құрылғыларын және (немесе) дыбыстық сигналдарды қолдану ережелерін бұзу, сигнал беру жүйесін пайдалану
1. Көлік құралдарының жүргізушілерінің күндізгі жарық және (немесе) дыбыстық сигналдар кезінде сыртқы жарық құрылғыларын пайдалану ережелерін бұзу &mdash ескерту немесе 3 АЕК (8 751 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде немесе анық көрiнбейтiн жағдайларда сыртқы жарық түсіру аспаптарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық тоқтау белгiсiн қолдану қағидаларын бұзуы &mdash 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет &mdash 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың 1-1-тармағында көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер &mdash 7 АЕК (20 419 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу
608-бап
Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру
1. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру &mdash көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, апаттық жағдай туғызуға әкеп соққан әрекеттер &mdash көлік құралын басқару құқығынан 4 жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер &mdash көлік құралын басқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер &mdash 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 6 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекеттер &mdash 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 10 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
6. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер &mdash 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әрекеттер &mdash 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
8. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер &mdash 200 АЕК (583 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
606-бап
Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын апаттық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы
1. Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы &mdash 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет &mdash 6 ай мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
607-бап
Темiржол өтпелерiнен өту қағидаларын бұзу
1.Темiржол өтпелерiнен тыс жерден темiржолды кесiп өту, шлагбаум жабық тұрған немесе жабылып жатқан кезде не бағдаршамның немесе өтпе жолдағы кезекшiнің тыйым салатын сигналы берілген кезде темiржол өтпелерiне шығу &mdash 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер &mdash 6 ай мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
610-бап
Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы
1. Көлiк құралдарының, жүктердiң, жолдардың, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы &mdash 25 АЕК (72 925 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет &mdash 40 АЕК (116 680 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға немесе 9 айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер &mdash 60 АЕК (175 020 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы
Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы
1. Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келген бұзуы &ndash белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, 1 000 АЕК (2 917 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 400 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген дәл сол іс-әрекет &ndash белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, 3 000 АЕК (8 751 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 1 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекет &ndash белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген іс-әрекет &ndash белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
(Ескертпе: осы бапта көрсетілген адамдарға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдар жатпайды.)
ҚР ҚК-нің 346-бабы
Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру
1. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі &ndash белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 000 АЕК (14 585 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 1 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылысжайларын және өзге де құрылысжайларды не өзге мүлікті бүлдіруге, сол сияқты адамның денсаулығына жеңіл зиян келтiруге алып келген әрекеттер &ndash белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келген дәл сол іс-әрекеттер &ndash белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген іс-әрекеттер &ndash белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекеттер &ndash белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан көп адам өлiмiне алып келген іс-әрекеттер &ndash белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады
ҚР ҚК-нің 347-бабы
Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу
Осы Кодекстің 345, 346-баптарында көзделген ауыр зардаптар туындаған жағдайда, көлiк құралын басқаратын және жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған адамның жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалуы &ndash белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 1 000 АЕК (2 917 000 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
(Ескерту. зардап шегушiлерге көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.)
611-бап
Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы
1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүргізушінің өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы &mdash 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы &mdash 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам жасаған әрекет &mdash 100 АЕК (291 700 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға не 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Ескертпе. Зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша жауаптылықтан босатылады.
612-бап
Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы
1. Өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген басқару құқығына уақытша куәлiгi, көлік құралына тіркеу және заңнамада белгiленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы &mdash 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы 15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқару &mdash 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер &mdash 30 АЕК (87 510 теңге) мөлшерінде айыппұл саулға әкеп соғады.
4-1. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер &mdash 20 АЕК (58 340 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Басқару құқығы жоқ адамға (белгiленген қағидаларға сәйкес жүргiзуге оқыту жағдайларын қоспағанда) не көлiк құралын басқару құқығынан айрылған адамға көлiк құралын басқаруға беру &mdash 50 АЕК (145 850 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет &mdash 70 АЕК (204 190 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
613-бап
Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару
1. Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрылымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау &mdash 30 АЕК (87 510 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау &mdash 10 АЕК (29 170 теңге) айыппұл салуға немесе көлік құралдарын басқару құқығынан алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет &mdash көлік құралын басқару құқығынан 6 ай мерзімге айыруға әкеп соғады.
3-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекет &mdash 50 АЕК (145 850 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрылымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау &mdash көлік құралдарын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет &mdash 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 6 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың бесінші бөлігінде көзделген әрекет &mdash 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 10 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
7. Осы баптың төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер &mdash 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың жетінші бөлігінде көзделген әрекеттер &mdash 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
9. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекет &mdash 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген әрекет &mdash 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
11. Осы баптың жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер &mdash 200 АЕК (583 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Жүргізушіні ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана әскери көлік құралын басқаратын адамның) органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жүргізушінің көлік құралы кабинасынан (салонынан) кетіп қалуы, сондай-ақ көлік құралы кабинасынан (салонынан) шығу туралы талаптарды орындамауы &mdash жүргізушіге де жолаушыларға(жолаушыға) да 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер &mdash жүргізушіге 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Нысанды киім киген ішкі істер (полиция), көліктік бақылау, әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы талабы ысқырып сигнал берумен бір мезгiлде қол қимылымен немесе таяқшамен сигнал беру арқылы не дыбыс күшейткiш құрылғының көмегiмен бiлдiрiледi. Сигналдар жүргiзушiге түсiнiктi болуға және оларды орындау авариялық жағдай туғызбайтындай болуы үшін дер кезiнде берiлуге тиiс.
590-бап
Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу
1. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару &mdash 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару &mdash 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) орнату &mdash жеке тұлғаларға &mdash 15 АЕК (43 755 теңге), лауазымды тұлғаларға &mdash50 (145 850 теңге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға &mdash 100 (291 700 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне &mdash 200 (583 400 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 400 АЕК (1 166 800 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару &mdash 20 АЕК (58 340 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға немесе 1 жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
5. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару &mdash 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулінің, тартқыш-тіркеме құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқару &mdash 15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару &mdash 15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына рұқсат беру лауазымды адамдарға және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 30 (87 510 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 40 (116 680 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 50 АЕК (145 850 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару &mdash 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Осы баптың бiрiншi, бесінші, алтыншы және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер &mdash 20 АЕК (58 340 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Кодекстiң осы тарауында көлiк құралдары деп автомобильдердiң, тракторлардың барлық түрлерiн және өзге де өздiгiнен жүретiн машиналарды, трамвайларды, троллейбустарды, сондай-ақ мотоциклдер мен басқа да механикалық көлiк құралдарын түсiну керек.
619-бап
Көлік құралдарын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу
1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты тұлғаның көлiк құралын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік құралын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберуi &mdash жеке тұлғаларға 20 АЕК (58 340 теңге), лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30 (87 510 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 40 (116 680 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне 50 АЕК (145 850 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан дәл сол әрекет &mdash жеке тұлғаларға 50 АЕК (145 850 теңге), лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 70 (204 190 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 100 (291 700 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне 150 АЕК (437 550 теңге) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
619-1-бап
Масаң күйдегі жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу
1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберуi лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 40 АЕК (116 680 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 50 (145 850 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне 60 АЕК (175 020 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге немесе көлiк құралдарының, жүктердiң, жолдағы немесе өзге де құрылысжайлардың не өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген дәл сол әрекет &mdash жеке тұлғаларға 70 АЕК (204 190 теңге), лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға бір 100 (291 700 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 150 (437 550 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне 200 АЕК (583 400 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қоғамдық көлік пен өзге жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы
571-баптан үзінділер
Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу
2. Автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларын бұзу &mdash жеке тұлғаларға 5 АЕК (14 585 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10 (29 170 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне 15 (43 755 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 25 АЕК (72 925 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-1. Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу &mdash жеке тұлғаларға 5 АЕК (14 585 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10 (29 170 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне 15 (43 755 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 25 АЕК (72 925 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші және 2-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер &mdash жеке тұлғаларға 10 АЕК (29 170 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 15 (43 755 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне 20 (58 340 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК (145 850 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
589-бап
Көлiкте өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу
1. Көлiкте белгiленген өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу &mdash 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет &mdash 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
598-бап
Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу
1. Бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу &mdash 7 АЕК (20 419 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сыртқы жағында арнайы түстi-графикалық схемалар, жазулар және белгiлеулер бар, бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу &mdash 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер &mdash 15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
603-бап
Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу
1. Көлiк құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түстi жарық қайтаратын бейімдеме құрылғыларды, сол сияқты түсi мен жұмыс режимi көлiк құралдарын пайдалануға жiберудiң талаптарына сәйкес келмейтiн жарық аспаптарын орнату &mdash көрсетілген аспаптар мен құрылғылар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға 15 АЕК (43 755 теңге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 70 (204 190 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 150 (437 550 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 1 000 АЕК (2 525 000 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигналын беруді қоспағанда) көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату &mdash көрсетілген құрылғылар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға 25 АЕК (72 925 теңге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 100 (291 700 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 200 (583 400 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 1 000 АЕК (2 917 000 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу &mdash жеке тұлғаларға 25 АЕК (72 925 теңге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 100 (291 700 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 200 (583 400 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 1 000 АЕК (2 917 000 теңге) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
614-бап
Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру
Көлiк құралдарының қозғалысына қасақана кедергi келтіру, сол сияқты жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдардың осындай кедергiлердi жою жөніндегі талаптарын орындамау &mdash жеке тұлғаларға 3 АЕК (8 751 теңге), лауазымды адамдарға 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
615-бап
Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы
1. Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы &mdash 2 АЕК (5 834 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ зиян келтiруге әкеп соққан не материалдық залал келтiрген әрекет &mdash 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет &mdash 10 АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет &mdash 20 АЕК (58 340 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға немесе 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта жол жүрісіне өзге де қатысушылар деп мопедтердi, велосипедтер мен ат-арба көлiгiн басқаратын адамдарды, жол бойымен жүк артылған, мiнiс малын немесе табынды айдаушыларды, сондай-ақ көлiк құралдары жолаушыларын түсiну керек.
617-бап
Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын пайдалануға шығару және пайдалану қағидаларын өзге де бұзушылықтар
1. Осы Кодекстiң 619-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты тұлғалардың, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларының талаптарын орындамауы &mdash лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 10 АЕК (29 170 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 20 (58 340 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне 40 АЕК (116 680 теңге) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер &mdash лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 20 (58 340 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 40 (116 680 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне 50 АЕК (145 850 теңге) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
620-бап
Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу
Кодекстiң осы тарауында санамаланбаған, жол жүрісі қағидаларының талаптарын, көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелерді бұзу &mdash ескерту жасауға немесе 3 АЕК (8 751 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Хаттама жасау кезiнде жол жүрісі қағидаларының нақты қандай нормасы бұзылғандығы көрсетiледi.
Айыппұлдарға 50 % жеңілдік қалай беріледі
810-бап
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері
1.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, оның ішінде 44-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделген соттың ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, сондай-ақ оның жасалу фактісін мойындайтын және айыппұлды осы Кодекстің Ерекше бөлімінің бабындағы санкцияда көрсетілгеннен 50 % мөлшерінде төлеуге келіскен және ұсынылған дәлелдемелерге шағым жасамайтын, оны жасаған жеке тұлға анықталған істер бойынша қысқартылған іс жүргізу жүзеге асырылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу:
1) ескерту жасауды қоспағанда, баптың санкциясында өзге де жаза түрлері көзделген;
2) құқық бұзушылықты артықшылық берілген немесе иммунитеті бар адамдар жасаған;
3) олар бойынша істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған;
811-бап
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі
1. Әкімшілік құқық бұзушылық табылған және оны жасаған тұлға анықталған кезде, осы Кодекстің 804-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар уәкілетті адам әкімшілік іс жүргізу қозғайды және тұлғаға айыппұлды баптың санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының 50 %-ы мөлшерінде 7 тәулік ішінде төлеу құқығын түсіндіреді.
Хаттама жасаған уәкілетті адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге адамға табыс етеді.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелсе, адамның айыппұлды белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50 %-ы мөлшерінде төлеуге құқығы бар.
2. Айыппұлды көрсетілген айыппұл сомасының 50 %-ы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлеген жағдайда іс мәні бойынша қаралды, шешім заңды күшіне енді, ал адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды деп есептеледі.
Осы Кодекстің 47-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тараудың қағидалары бойынша қаралған іс қайта қаралуға жатпайды.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР ӘҚБК-нің қолда жүруі қажет баптары
743-бап. Хабардар ету (хабарлама)
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша iс жүргiзуге қатысушыларға істің қаралатын немесе жекелеген процестік әрекеттердің жасалатын уақыты мен орны туралы хабарланады және олар хабардар ету арқылы (хабарламамен) сотқа, органға (лауазымды адамға) шақырылады.
Істің қаралатын уақыты мен орнын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада да көрсетуге болады.
2. Хабардар ету (хабарлама), оның тапсырылғаны туралы хабардар етуі бар тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабар не хабарламаның немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберіледі.
3. Егер істе көрсетілген мекенжай бойынша адам шын мәнінде тұрмаса, хабарлама немесе шақыру заңды мекенжайы бойынша немесе оның жұмыс орнына жіберілуі мүмкін. Заңды тұлғаға арналған хабардар ету (хабарлама) оның тұрған жері бойынша жіберіледі.
4. Хабардар ету (хабарлама):
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың тиісті бағанында әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның қолы болған;
2) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне тапсырылғаны туралы жөнелтушіге қайтарылуға жататын хабардар етуге қол қойып тапсырылатын тапсырыс хатпен, жеделхатпен адам хабарланған жағдайларда тиісінше жеткізілді деп танылады. Заңды тұлғаға арналған хабарлама заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне тапсырылады, ол өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, тапсырылғаны туралы хабардар ететін хабарламаны алғаны жөнінде қол қояды;
3) хабарланатын адам іс бойынша іс жүргізу процесінде көрсеткен және өзінің қол қоюымен растаған, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабар жіберілген;
4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға мемлекеттік кіріс органы электрондық тәсілмен хабардар етуді (хабарламаны) жіберген жағдайларда тиісінше жеткізілді деп танылады.
4-1. Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама мынадай жағдайларда:
1) көлік құралы меншік иесінің (иесінің) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне табыс етілгені туралы жөнелтушіге қайтарылуға жататын хабардар етуге қол қойып табыс етілетін тапсырыс хатпен жіберілген жағдайда, тиісінше жеткізілген деп танылады. Заңды тұлғаға жіберілген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне табыс етіледі, ол өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, табыс етілгені туралы хабардар етуге нұсқаманы алғаны жөнінде қол қояды;
2) адресат айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы алудан бас тартқан жағдайда, тиісінше жеткізілген деп танылады. Бұл ретте оны жеткізуші адам табыс етілгені туралы хабардар етуге тиісті белгі жасайды, ол нұсқамамен бірге жөнелтушіге қайтарылады;
3) лауазымды адам айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы көлік құралы меншік иесінің (иесінің) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қол қойғызып тікелей табыс еткен;
4) айыппұл төлеу қажеттігі туралы өзінің атына шығарылған нұсқамалар туралы хабарламаларды алу үшін "электрондық үкімет" веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде көлік құралының меншік иесі (иесі) көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне мәтіндік хабар жеткізілген жағдайда, тиісінше жеткізілді деп танылады.
ҚР ӘҚБК-нің қолда жүруі қажет баптары
46-баптан үзінділер
Көлік құралын басқару құқығынан айыру
1. Нақты адамға берілген арнайы құқықтан айыруды судья қолданады.
3. Көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру мерзiмi алты айдан кем болмауға және он жылдан аспауға тиіс.
4. Көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруды, көлік құралын масаң күйде басқару не масаң күйдi куәландырудан белгiленген тәртiппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгiленген қағидаларды бұзып, өздерi қатысушысы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу жағдайларын қоспағанда, бұл құралдарды мүгедектiгiне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды.
53-бап
Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру
1. Осы Кодекстiң 594 (төртінші бөлiгiнде), 596 (төртiншi бөлiгiнде), 598 (үшiншi бөлiгiнде), 599 (екiншi бөлiгiнде), 600 (екiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған көлiк құралдарының жүргiзушiлерi жол жүрiсi қағидаларын бiлетінiн тексеру үшiн емтихан тапсыруға жiберiледi.
2. Жол жүрiсi қағидаларын бiлетінiн тексеруге жiберу туралы қаулыны осы Кодекстiң көрсетілген баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар) шығарады.
58-баптан үзінділер
Бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде әкiмшiлiк жазалар қолдану
1. Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза қолданылады.
2. Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар жасап, оларды сол бiр судья, орган (лауазымды адам) қараса, онда бұл адамға сол бiр түрдегi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерiн жазаның осы түрi үшiн осы Кодексте белгiленген, үш еселенген ең жоғары шектен асыруға болмайды, ал әкiмшiлiк қамаққа алу үшін осы Кодекстiң 50-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен асыруға болмайды.
795-баптан үзінділер
Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттары мен құжаттарын алып қою
1. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 785-бабында көзделген, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған, құқық бұзушылықтар құралы не нысанасы болып табылатын құжаттар мен заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларды алып қоюды іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қолдануға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдар екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырады.
Айрықша жағдайларда (жетуі қиын жерде, тиiстi қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективтi себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмаған кезде) құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 785-бабында көзделген, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған, құқық бұзушылықтар құралы болып табылатын құжаттар мен заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларды алып қою куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн тіркеудің техникалық құралдары қолданыла отырып жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды және құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалады, оның көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға немесе оның өкiлiне табыс етіледі не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада тиiстi жазба жасалады.
3. Құжаттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды және заттарды алып қою туралы хаттамада (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада) алып қойылған құжаттардың түрi мен деректемелері, алып қойылған заттардың түрi, саны, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы, оның iшiнде алып қойылған қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрi, сериясы, нөмiрi, өзге де сәйкестендіру белгiлерi, оқ-дәрiлердiң, арнаулы жедел-iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрi туралы мәлiметтер қамтылады.
4. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, тиiстi құжаттары, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлары және заттары алып қойылған адам, куәгерлер қол қояды. Өзiнен тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, онда тиiстi жазба жасалады.
5. Алып қойылған заттар, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар және құжаттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн алып қоюды жүргiзген лауазымды адам айқындайтын орындарда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын тәртiппен сақталады.
7. Iс қаралғаннан кейiн шығарылған қаулыға сәйкес, алып қойылған құжаттар, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар және заттар олардың иесiне қайтарылады немесе тәркiленедi немесе өткізіледі не сақталады немесе белгiленген тәртiппен жойылады. Жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алып қойылған құжаттар iс бойынша қабылданған қаулы орындалғанға дейiн сақталады.
8. Егер адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы Кодексте көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде санкция көзделсе ғана, көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігі алып қоюға жатады. Қалған жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаннан кейін көлік құралын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігі дереу иесіне қайтарылады.
Алып қойылған жүргізуші куәлігінің орнына жүргізушіге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша уақытша куәлік беріледі.
9. Жүргiзушi емтиханға жiберу туралы қаулыны алған күннен бастап екi ай iшiнде жол жүрiсi қағидаларын бiлетінiн тексеруге арналған емтиханды тапсырмаған кезде, қаулы шығарған лауазымды адам Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасында көзделген шараларды қолданады.
10. Көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері екі куәгердің және (немесе) көлік құралы меншік иесінің қатысуымен ғана алып қоюға жатады, бұл ретте мемлекеттік нөмірлерді алып қоюды жүргізетін уәкілетті лауазымды адам көлік құралының иесіне алып қоюды жүргізудің негізін түсіндіруге міндетті. Салынған айыппұлды өндіріп алу мақсатында көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін алып қоюды жүргізуге тыйым салынады.
12. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларын және құжаттарын алып қою осы Кодекстің 785-бабының бірінші бөлігінде көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін айрықша жағдайларда ғана жүргізіледі. Аталған шараны осы Кодексте көзделмеген мақсаттарда қолдану Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
796-баптан үзінді
Көлiк құралын басқарудан шеттету және масаң күйiн куәландыру
1. Көлiк құралын басқаратын жүргiзушi масаң күйде деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болса, олар көлiк құралын басқарудан шеттетiлуге және масаң күйiн куәландыруға жатады.
2. Көлiк құралын басқарудан шеттетудi, масаң күйiн куәландыруды және медициналық куәландыруға жiберудi: Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының және көлiктік бақылау органдарының көлiк құралын басқаратын адам құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда &mdash тиiсiнше ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкерлері жүргiзедi.
3. Масаң күйiн куәландыруға жiберу, масаң күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Жүргiзушi куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, олар медициналық куәландыруға медициналық мекемеге жiберiледi.
4. Масаң күйiн куәландыру үшiн көлiк құралын басқарудан шеттету туралы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға белгi жасалады.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландырудан өткiзу үшiн көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетiлген күн, уақыт, орын, негiздер көрсетiледi. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.
6. Масаң күйiн куәландыру актiсi тиiстi хаттамаға қоса беріледi.
Қысқартулар:
ҚР &mdash Қазақстан Республикасы
ЖҚЕ &mdash жол қозғалысы ережелері
КҚ &mdash көлік құралы
ІІО &mdash ішкі істер органдары
АҚЖ &mdash азаматтық-құқықтық жауапкершілік
Бұл материалда ҚР ӘҚБК-нен автокөлік жүргізушілеріне қандай да бір қатысы бар үзінділер келтіріледі.