Жетісу облысында жол апаты садарынан бір адам ажал құшты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
2 наурызда Үшарал-Достық автожолының 61 шақырымында Mazda CX-7 автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Volkswagen авкөлігін басып озуға әрекеттенген кезде көлікпен соқтығысқаны алдын ала анықталды.
Салдарынан неміс автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жол жиегіне шығып, аударылды.
Жол апатынан 55 жастағы әйел қайтыс болды.
ЖКО Алакөл ауданында тіркелді.