Жетісу облысында 3 жолаушы әйел адам көлік апатынан мерт болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Жол апаты «Алматы-Өскемен» тасжолының Көксу ауданы аумағында болды.
«Тойота Камри» мен «Тойота Ленд Крузер Прадо» көліктері соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза тапты.
Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, көліктердің бірінің дөңгелегі жарылып, бұл екі көліктің соқтығысуына әкелген.
«ЖКО салдарынан жол талғамайтын көлік салонындағы үш жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды. Екі көліктің жүргізушілері де түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді»,- делінген ведомствоның хабарламасында.
Полиция жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдықты қатаң сақтауға және жол ережесін бұзбауға шақырады.