Гонконгта ерекше оқиға болды. Апатқа жеті Hyundai i30 N қатысқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ зардап шеккендер сол өңірдегі i30 N клубының мүшелері екенін хабарлады, олар танымал бағыт бойынша сапар шегуге жиналыпты.
Жол апатына Mazda RX-7 купесінің жүргізушісі кінәлі болған. Спорткар қарсы жолаққа шығып кеткен, оны көрген ең алдыңғы i30 N шұғыл тежеуіш басқан көрінеді. Хетчбэктер бір-біріне жақын келе жатқандықтан, тоқтап үлгермей өзара соғылған. Ал RX-7 оқиға орнынан қашып кетіпті.
Қолда бар мәліметке сүйенсек, жол апатынан алты адам жарақат алған, ішінде бес жүргізуші, бір жолаушы бар.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz