Түркияның Карс провинциясында да жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Қалааралық тасымалдағы қоғамдық көлік 120 метр биіктіктен құлап, 6 кісі қаза тапты. 23 адам жарақат алды. Оның біреуінің жағдайы ауыр.
Қазір жедел құтқару топтары көлік астындағы жолаушыларды шығаруға кірісті. Жарақат алғандар арнайы тікұшақпен жақын орналасқан ауруханаларға тасымалданып жатыр.
Автобус апат болған көпірдің ұзындығы 574 метр, ал биіктігі 120 метр екен.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz