Шымкентте бетон араластырғыштыңжүргізушісі бағдаршамда тұрған көліктерді соғып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Sputnik.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап жазды.
Оқиға Рысқұлов пен Қазиев көшелерінің қиылысында болған.
"Бетон араластырғыштың жүргізушісі бар жылдамдықпен сегіз көлікті соққан. Куәгерлердің айтуынша, апатқа тежегіштіңістен шығуы себеп болған", - деп жазды басылым.
Бір адам зардап шекті – Mazda жүргізушісіауыр жарақат алған. Ол ауруханаға жатқызылды, қалғаны жеңіл жарақат алған.
Басылымның мәліметінше, көліктердің барлығы металл үйіндісіне айналды.
Оқиға орнында ұзын-сонар – кемінде 2 шақырым көлік кептелісі түзілді. Полицейлер жолды босатуға тырысты.
Оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz