Қостанай-Сарыкөл трассасында жол апаты салдарынан 2 адам мерт болып, үшеуі ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Оқиға 28 шілде сағат 21:00 шамасында Қостанай-Сарыкөл автожолында, Октябрь ауылынан 15 шақырым жерде болды.
ВАЗ-21099 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Онда үш жолаушы, арасында жүкті әйел болған.
Апат салдарынан Ваз жүргізушісі мен Toyota жүргізушісі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.
ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz