Kia көлігінің 53 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, трамвайлардың байланыс желісінің тірегіне соқтығысқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE.KZ-ке сілтеме жасап.
18 қаңтарда сағат 19.00 шамасында Kia көлігінің 53 жастағы жүргізушісі Орталық өнеркәсіп аймағы көшесіндегі ғимаратқа қарама-қарсы жерде рөлді басқара алмай, трамвайлардың байланыс желісінің тірегіне соқтығысқан.
Жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды.
Осы факті бойынша тексеру жүргізіледі, сараптама тағайындалады.
Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.