Индер-Сағыз жолында екі көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті
18 наурыз күні облыстық маңыздағы Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз жолының 83-шақырымында 59 жастағы жүргізуші тізгіндеген УАЗ және 21 жастағы жүргізуші басқарған Toyota Ipsum көліктері соқтығысқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.
Жол-көлік апатынан кейін Ipsum өртке оранды. УАЗ жүргізушісі мен Ipsum жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір жолаушы Индер аудандық ауруханасына жеткізілді.
Атырау облысының полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу