Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Bugin.kz-ке сілтеме жасап.
9 наурызда республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 551 шақырым тұсында "Ларгус" және "УАЗ" автокөліктерінің соқтығысуынан ірі жол апаты болды.
"Жол апатынан оқиға орнында "Ларгус" автокөлігінің 1990 жылғы жүргізушісі және 1994 жылғы және 2022 жылғы жолаушылары қаза тапты. "УАЗ" автокөлігінің 3 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді" делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, жол апатынан қаза тапқандар - бір отбасындағы әкесі мен анасы, жасқа толмаған қызы.