Алматыдағы адам өліміне әкелген жол апаты: автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты

Алматыдағы адам өліміне әкелген жол апаты: автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты

Алматыда №98 автобустың жүргізушісі адам өліміне әкеліп соққан жол апатына кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Sputnik тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында "А." есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

 

"Сот сотталушы азаматты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша ("Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу") кінәлі деп танып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза және 5 жыл мерзімге көлік құралын тізгіндеу құқығынан айыру түрінде қосымша жаза кесті", – делінген сот хабарламасында.

 

Автобус жүргізушісі кінәсін мойындамады, ақтауды сұрады. Сот жүргізушінің асырауында үш кішкентай баланың болуына байланысты жазаны жеңілдету туралы шешім қабылдады.

 

"Ш" және "К" есімді азаматтардың пайдасына моральдық шығын ретінде әрқайсысына 2 миллион теңгеден, сондай-ақ "Ш" есімді азаматтың пайдасына 323 885 теңге материалдық шығын өндірілді", - деп хабарлады сот.

 

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 8 қарашасында Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында №98 және №201 автобустар соқытығысып қалған.

 

Сот анықтағандай, №98 автобустың жүргізушісі Абылай хан көшесінің бойымен оңтүстік бағытта келе жатып, жол қозғалысы ережелерін елемей, бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсіне өтіп кетіп, №201 автобуспен соқтығысқан.

 

№98 автобустың жолаушылары сыртқа құлап кеткен, жәбірленуші "И" есімді азамат автобустың астында қалып, алған дене жарақаттарынан қайтыс болды. Ал жәбірленуші "К" есімді азамат ауыр дене жарақатын алған, жәбірленуші "Ш" есімді азамат орташа ауырлықтағы дене жарақатын алған.

 

Айта кетері, Алматыда екі автобус соқтығысқаннан кейін 20-дан астам адам медициналық көмекке жүгінген болатын.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста