Нейробиологтер жаңылтпаштың миға әсерін тұңғыш рет бақылады. Дыбысталуы бір-бірінен аумайтын тіркестерді ұйқастыра қайталаудың қиын болатыны нейрондардың жұмысына байланысты екен.
Бұл туралы NatureNews хабарлайды. Ғалымдардың электрлі-физиологиялық сынағына эпилепсияның ауыр түрімен ауыратын үш пациент қатысқан. Күрделі операция жасатқалы отырған олардың миының сөйлеу әдісіне, жауапты бөлігіне ми қыртысындағы қозуды есептейтін электродтар орналастырылды. Олардың көмегімен нейрондар қызметі жөнінде мол мәлімет алынды. Ми қыртысында бірдей дыбыстарды айтуға жауапты нейрондар болады. Жаңылтпашты айтқан кезде бұл нейрондар бейберекет қозып, жұмысы шиеленісе түседі, адам сол себепті сөзінен шатасады. Ғалымдардың айтуынша, спунеризмнің (ұқсас дыбыстары бар екі сөзді айтқан кезде олардың бірінің буынының екіншісіне алмасып кетуі) сыры да осында.
Жаңылтпаш айтудың құпиясы ашылды
Последние статьи автора