Тауықтың отаны – Азияның оңтүстік-шығысы

Тауықтың отаны – Азияның оңтүстік-шығысы

Ғалымдар әлем бойынша табылған ежелгі тауық сүйектеріндегі ДНК үлгілеріне талдау жасап, үй құсының ең алғаш Азия құрлығында қолға үйретілгенін растады. Барлығы 92 археологиялық жәдігер зерттелген.
The Telegraph басылымының хабар­лауын­­ша, зерттеуге Еуропа елдері, Таи­ланд, Чили, Доминикан Республикасы және Тынық мұхит аралдарынан та­был­ған тауық сүйектері алынды. Архео­ло­гия­лық жәдігерлердің 48-інен мито­хон­дриялы ДНК үлгісін алу мүмкін болды. ДНК талдауы үй құстарының үш туыс топ­­қа жіктелетінін көрсетті: D тобы – Тынық мұхиты ауданы, В тобы – Оңтүстік-Шығыс Азия аумағы, Е тобы – басқа құр­лықтар. Зерттеудің нәтижесінде ға­­лым­­дар тауық атаулының осыдан 5,5 мың жыл бұрын Оңтүстік-Шығыс Азия құрлығында пайда болғанын растады. Үй құстарының түп негізі Банкив джунгли тауығы тұқымынан тарайды. Ғалымдар ежелгі грек аңыз­да­рын­да не себепті тауықтың кездеспейтінін енді түсініп отыр. Кейбір еуропалық аңыз­дарда тауықтар «парсы құстары» делінеді. Сөйтіп, тауықты ең алғаш қолға үйреткен азиялықтар екені дәлелденді, ал ғылымның «жұмыртқа бірінші пайда болды ма, тауық па?» деген басты сұра­ғы­на әлі жауап табылған жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста